Ордабасы аудандық орталық ауруханасында эпидемиолог дәрігері Анапияева Болсынай мейірбикелерге арнап ҚР ДСМ 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №151 бұйрығының 2-қосымшасы – «Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеу тәртібі», ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 тамыздағы №96 бұйрығы – «Кабинеттерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Семинар барысында медицина қызметкерлерінің қолын өңдеу тәртібі, оның ішінде гигиеналық және хирургиялық деңгейде қолды антисептикалық өңдеу ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, емдеу-алдын алу мекемелеріндегі кабинеттерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы нақты ақпарат берілді.
Мақсаты — инфекциялық қауіптердің алдын алу, медициналық қызмет сапасын арттыру және санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.


