Денсаулық мектебі

Иммундау кестесі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде иммундау аурулардың алдын алу және адам өмірін қорғау үшін өте маңызды екенін насихаттау мақсатында «Барлығы үшін иммундау – адамдардың өз қолында» тақырыбы бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Ф.Б. Суюндыкова, СЭББ-ның эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Б.М.Илесбаев және СЭББ-ның эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы М. Б. Тасболатова Ордабасы аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлеріне семинар өткізді.

Семинардың мақсаты:

Халық арасында иммундауға бейілділікті, иммундық профилактикаға сенімді қатынасты қалыптастыру; иммундық профилактиканың қауіпсіздігі және иммундаумен жеткіліксіз қамтудың артықшылығы туралы хабардар ету;

Белгіленген мерзімде жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген барлық жастағы адамдарды анықтау және вакцинациялау бойынша барлық мүдделі бөлімшелердің жұмысын жандандыру;

Жалған ақпараттың таралуы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына және әрекетіне кері әсерін тигізетінін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп вакцинацияға деген сенімді нығайту.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Отбасын жоспарлау» денсаулық мектебінде Еуропалық өңірінде иммундау аурулардың алдын алу және адам өмірін қорғау үшін өте маңызды екенін насихаттау мақсатында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Иммунолог дәрігер Өтешова Іңкәр Жеңісқызы жүкті және фертильді жастағы әйелдерге жаңа туылған сәбидің денсаулығы үшін уақытылы екпе алуының маңызды екенін түсіндірді.

Вакцинацияланған адамдардың есебінен инфекцияның таралуы мен ауру-сырқаулықтың күрт өсуіне тосқауыл болып табылатын "ұжымдық иммунитет" құрылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі жұқпалы аурулар — туберкулез, В гепатиті, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, эпидемиялық паротит, тұмау, гемофильді инфекцияға қарсы егуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады.

Вакцинацияның уақтылы жүргізілмеуі көптеген жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Жоспарлы вакцинациядан өтпеген балалар уақыт өте келе әртүрлі вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жұқтыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық иммундау апталығына орай Ордабасы ауданды орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігерлері және мейірбикелері аула аралау барысында вакцинация бойыншы брошуралар таратып, екпені ұлттық күнтізбеге сәйкес уақытылы қабылдамаған балалардың және екпе ектіруден бас тартқан ата-аналармен кездесіп вакцинаның пайдасы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде иммундау аурулардың алдын алу және адам өмірін қорғау үшін өте маңызды екенін насихаттау мақсатында «Барлығы үшін иммундау – адамдардың өз қолында» тақырыбы бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері І.Ж.Өтешова және СЭББ-ның эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы М. Б. Тасболатова және аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен педиатр дәрігер бірігіп дөңгелек үстел өткізді.

“Зорлық-зомбылыққа қарсы акция аясында “Ана мен бала денсаулығын сақтау” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – ана мен бала денсаулығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Медициналық және психологиялық кеңестер беріліп, түрлі маңызды ақпараттар ұсынылып, семинар-тренинг өткізілді.

Біздің қоғамда ана мен баланың қауіпсіздігі мен денсаулығы – басты құндылықтардың бірі.

Денсаулық – әр отбасының бақытының кепілі. Біз әрқашан сіздермен бірге, қолдау көрсетуге дайынбыз!

«Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!»

Еуропалық иммундау апталығы аясында вакцинацияның маңыздылығын тағы бір мәрте еске саламыз.

Иммундау – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді әрі сенімді жолы. Вакцина алу арқылы әр адам өз денсаулығын қорғап қана қоймай, қоғамның саулығына да үлес қосады.

Денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, екпенің маңызын насихаттайық. Себебі вакцинация – денсаулық кепілі!

https://www.facebook.com/reel/1494246178765637

ЕУРОПАЛЫҚ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында Еуропалық иммундау апталығы аясында маңызды семинар өтті.

Иммунолог дәрігер Г.А. Юсупова және СЭББ бас маманы М. Тасболатова мейірбикелерге арналған арнайы оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинар барысында иммундаудың маңыздылығы, вакцинацияның тиімділігі және инфекциялық аурулардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мейірбикелердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тәжірибелік кеңестер берілді.

Мұндай шаралар халық денсаулығын қорғауда және аурулардың алдын алуда үлкен рөл атқарады.

https://www.facebook.com/reel/1477300087551833

"Иммундау апталығы" қарсаңында біздің дәрігермен кезекті "мифтерді" талқылайық Сіз қай нұсқаны жиі естисіз?Біздің дәрігер Юсупова Гульвира Амангельдиевна #Иммундау2026

https://www.facebook.com/reel/1323249516358941

Бүгін қызына алғашқы вакцинасын салдыруға келген 5 баланың анасы өз ойын айтты: “Мен вакцинаны қолдаймын”. Саналы ана – сау ұрпақ кепілі.

https://www.facebook.com/reel/2063203787562253

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» мамандарының іссапарынан кейін Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында аймақтық және БМСК, ДА,ФАП мейірбикелеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарды педиатр дәрігері Г.А. Юсупова, фтизиатр дәрігері Ш.Б. Гулиев және ЖТД дәрігері М. Таңсық өткізді.Кездесу барысында: Туберкулездің алдын алу, ерте анықтау және диагностикалау, емдеу шаралары, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерекшеліктер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға: Манту және АТР сынамаларын жүргізу, нәтижелерін бағалау, БЦЖ вакцинациясының маңыздылығы, қақырық жинау және зертханалық диагностика талаптары бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді. Семинар барысында мамандар сұрақтарға толық жауап беріп, өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Бұл шара медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, туберкулездің алдын алу және ерте анықтау жұмыстарының тиімділігін күшейтуге бағытталған.

https://www.facebook.com/reel/1203703011714081


Ұқсас материалдар