«Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы» — Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты, ауданның негізгі медициналық мекемесі. Аурухана амбулаториялық, стационарлық және оңалту деңгейінде халыққа сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Негізгі мәліметтер
- 9 бөлімше: қабылдау, терапия, перзентхана, хирургия, неврология, жұқпалы аурулар, оңалту, паллиатив және балалар бөлімдері.
- 285 стационарлық төсек орны және 100 орындық «Күндізгі стационар».
- Емхана 82 000 тіркелген тұрғынға, аурухана Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарын қоса ~260 000 адамға қызмет етеді.
- Ұлттық аккредиттеу бойынша БІРІНШІ санат; 2022 жылы күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жабдықтармен қамтылды.
- 2026 жылдан бастап «көпбейінді» мәртебесіне ие болды.
Толығырақ
Аурухана тарихы · Басшылық · Бөлімдер мен қызметтер · Бас дәрігердің блогы