Денсаулық мектебі

Кене шаққанда

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғаттағы КГЛ негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.

Адам қалай жұқтырады?

Көбінесе адам вирус жұқтырған кене шаққанда, вирус ағзаға тері арқылы енгенде жұқтырады. Сондай-ақ, адам кенелерді жаншығанда, вирус денеге микрожарықтар мен терідегі жаралар арқылы енген кезде де жұқтыруы мүмкін. Адамның КҚГЛ вирусына табиғи бейімділігі жоғары.

Қандай белгілер болады?

Қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері кенеттен пайда болады. Ауру температураның 40 градусқа дейін көтерілуінен басталады. Күшті безгектің аясында науқастар бүкіл денеде әлсіздік пен ауырсынуды сезінеді. Бет, мойын, жоғарғы кеуде қуысының гиперемиясы, склера склера тамырларының және конъюнктиваның инъекциясы тән. Егер емделмеген болса, өлімге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, өлім инфекциялық-уытты шок, өкпе қабынуы, қайталама бактериялық асқынулар нәтижесінде болуы мүмкін.

Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары

– кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу.

– алаңды өңдегеннен кейін ғана лагерь құру керек, шөпке отыруға немесе жатуға болмайды.

– саябаққа немесе саяжайға барған кезде жабық киім киген жөн, шалбар етікке тығылған болуы керек және міндетті түрде өзіңізбен бірге бас киімді алыңыз, шашыңызды бас киімнің немесе орамалдың астына жинаңыз.

– арнайы аэрозоль және спрей репелленттерін пайдаланыңыз, оларды үш сағат сайын қайталап жағып тұру керек.

– орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар жерлерде жүрген кезде әр 10-15 минут сайын өзара және өзін-өзі тексеруді, үстіңгі тексеруді жүргізу керек.

– ашық демалыстан қайтып, киімдерін шешкеннен кейін денені, шаш пен киімді кенелердің, әсіресе бас терісін, қолтық асты, құлақтың артындағы жерлерін жабысып қалатын кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз.

Аймақтық медицина қызметкерлері аула аралап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) дегеніміз не?

КҚГҚ – вирус арқылы туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру.

КҚГҚ вирусын жұқтырған адамдардың – 40%-ға дейіні қайтыс болады.

КҚГҚ ауруына қарсы вакцина жоқ.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы КҚГҚ-ның табиғи ошақтары болып табылады.

КҚГҚ жұғу жолдары қандай?

КҚГҚ вирусы ұсақ кеміргіштер, кірпі және қоян сияқты жабайы жануарлар, сонымен қатар ешкі, қой, сиыр және жылқы сияқты үй жануарларымен қоректенетін кенелердің ағзасында болады. Осы жануарлар аймағында тұратын немесе жануарларды өсіру, күтіп-қараумен айналысатын адамдар арасында КҚГҚ-ның қоздырғышын жұқтыру қаупі өте жоғары.

Сіз КҚГҚ қоздырғышы бар кененің шағуы немесе кенемен тікелей жанаста болуыңыз арқылы ауруды жұқтыруыңыз мүмкін:

• Мал сойғанда немесе бөлшектегенде мал еті, қаны немесе терісін алу арқылы

• КҚГҚ ауруымен ауырған адамның қанымен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтары арқылы

• Жұқпаланған кенені езу немесе жаншу арқылы

КҚГҚ диагностикасы және ем шаралары

КҚГҚ-ның төмендегі алғашқы клиникалық белгілері кенеттен пайда болуы мүмкін:

• Дене қызуының көтерілуі (Температура)

• Бас ауруы

• Буындар мен бел аймағындағы ауырсынулар

КҚГҚ жұқтырған адамдарда, жоғарыдағы белгілерден кейін тері бөртпесі пайда болып және/немесе мұрыннан, қызыл иектен немесе инъекция енгізу орындарынан қан кетуі мүмкін.

Осы белгілердің кез келгенін байқасаңыз, әсіресе кене шаққан болса, мал союға немесе ет бөлшектеуге қатысқан болсаңыз немесе ауру жұқтырған адамдармен қатынаста болсаңыз, дереу медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет.

Емдеу іс шаралары қол жетімді және мүмкіндігінше тезірек басталуы қажет. Тек ерте емдеу өлімге әкелетін асқынуларды болдырмауға көмектеседі.

КҚГҚ ауруын жұқтыру қаупі бар адамдар 14 күн бойы дәрігердің бақылауында болады.

“АБАЙЛАҢЫЗ КЕНЕ"

”Абайлаңыз кенеден келер кесір көп” Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Көктем келіп, күн жылығаннан адамдар қора-қопсығын тазалап, қой қырқым және табиғат аясына демалу науқанын бастайды.

Осыған орай Бадам БМСК орталығының медицина қызметкерлері аула аралап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы халық арасында тусіндіру жумыстарын және патронаж жұмыстары жүргізілуде.

Кене – Конго-Қырым геморраргиялық қызбасы ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы. Сондай-ақ, ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштарды тұқымы арқылы сақтап таратып отырады. Адамға ауруды кенелер шаққан кезде, немесе науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы, құрамында вирус бар материал теріге және шырышты қабықтарға түскен кезде жұғуы мүмкін. Өкінішке орай, адамдар Кене шағуы мүмкін немесе шаққан жағдайда да сөзсіз ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ескермей, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ойланбайды. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 (көбіне 2-7 күн) күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 0С-қа дейін көтеріледі. Басы, буындары қатты сырқырап ауырады, көзімен тамағы қызарады, тамаққа тәбет болмайды. Содан соң аурудың 2-5 күндері мұрыннан, асқазан-ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап көгеріп кетеді, сол кезінде дәрігерге көрінбесе, ауруы асқынып науқас өліп кетуі де мүмкін, және қасындағы адамдарға да жұқтырып таратуы мүмкін. Кене шаққанда болмаса кененің қаны шашыраған жағдайда немесе аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дер кезінде дәрігерге көріну керек, 2 аптадай медициналық бақылауда болғаны жөн.

“АБАЙЛАҢЫЗ КЕНЕ"

”Абайлаңыз кенеден келер кесір көп” Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Көктем келіп, күн жылығаннан адамдар қора-қопсығын тазалап, қой қырқым және табиғат аясына демалу науқанын бастайды.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері аула аралап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы халық арасында тусіндіру жумыстарын және патронаж жұмыстары жүргізілуде.

Кене – Конго-Қырым геморраргиялық қызбасы ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы. Сондай-ақ, ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштарды тұқымы арқылы сақтап таратып отырады. Адамға ауруды кенелер шаққан кезде, немесе науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы, құрамында вирус бар материал теріге және шырышты қабықтарға түскен кезде жұғуы мүмкін. Өкінішке орай, адамдар Кене шағуы мүмкін немесе шаққан жағдайда да сөзсіз ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ескермей, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ойланбайды. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 (көбіне 2-7 күн) күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 0С-қа дейін көтеріледі. Басы, буындары қатты сырқырап ауырады, көзімен тамағы қызарады, тамаққа тәбет болмайды. Содан соң аурудың 2-5 күндері мұрыннан, асқазан-ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап көгеріп кетеді, сол кезінде дәрігерге көрінбесе, ауруы асқынып науқас өліп кетуі де мүмкін, және қасындағы адамдарға да жұқтырып таратуы мүмкін. Кене шаққанда болмаса кененің қаны шашыраған жағдайда немесе аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дер кезінде дәрігерге көріну керек, 2 аптадай медициналық бақылауда болғаны жөн.

Көктем мезгілінде қауіпті дерттен сақ болыңыз! Немесе кене шағудан сақтаныңыз!Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері болып табылады.Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кенелерінің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда (сәуір- қыркүйек) арта түседі. Кенелер негізінен далалық жерлерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында кездеседі.Жыл сайын кгл ауруына қолайсыз елді мекендерден кенелер мал үстінен, табиғаттан зоологиялық-паразитологиялық топ мамандары жинап, облыстық аса қауіпті аурулар зертханасына жолданып,кенелердің даму сатысы, түрі және кездесу индексі,көп болу басымдылығы анықталып,зерттеу жүргізіледі.Кене басу дейгейін бағалау үшін елді мекендерден мал үстінен кенелер жиналды.#аса_қауіпті_жұқпалы_ауру

https://www.facebook.com/reel/1349941549387645

“АБАЙЛАҢЫЗ КЕНЕ"

”Абайлаңыз кенеден келер кесір көп” Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Көктем келіп, күн жылығаннан адамдар қора-қопсығын тазалап, қой қырқым және табиғат аясына демалу науқанын бастайды.

АБАЙЛАҢЫЗ КЕНЕ"

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан БМСК медицина қызметкерлері аула аралап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы халық арасында тусіндіру жумыстарын және патронаж жұмыстары жүргізілуде.

Кене – Конго-Қырым геморраргиялық қызбасы ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы. Сондай-ақ, ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштарды тұқымы арқылы сақтап таратып отырады. Адамға ауруды кенелер шаққан кезде, немесе науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы, құрамында вирус бар материал теріге және шырышты қабықтарға түскен кезде жұғуы мүмкін. Өкінішке орай, адамдар Кене шағуы мүмкін немесе шаққан жағдайда да сөзсіз ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ескермей, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ойланбайды. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 (көбіне 2-7 күн) күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 0С-қа дейін көтеріледі. Басы, буындары қатты сырқырап ауырады, көзімен тамағы қызарады, тамаққа тәбет болмайды. Содан соң аурудың 2-5 күндері мұрыннан, асқазан-ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап көгеріп кетеді, сол кезінде дәрігерге көрінбесе, ауруы асқынып науқас өліп кетуі де мүмкін, және қасындағы адамдарға да жұқтырып таратуы мүмкін. Кене шаққанда болмаса кененің қаны шашыраған жағдайда немесе аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дер кезінде дәрігерге көріну керек, 2 аптадай медициналық бақылауда болғаны жөн.

“АБАЙЛАҢЫЗ КЕНЕ”

«Абайлаңыз кенеден келер кесір көп» Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Көктем келіп, күн жылығаннан адамдар қора-қопсығын тазалап, қой қырқым және табиғат аясына демалу науқанын бастайды.

Ордабасы ауданына қарасты Шұбар БМСК медицина қызметкерлері аула аралап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы халық арасында тусіндіру жумыстарын және патронаж жұмыстары жүргізілуде.

Кене – Конго-Қырым геморраргиялық қызбасы ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы. Сондай-ақ, ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштарды тұқымы арқылы сақтап таратып отырады. Адамға ауруды кенелер шаққан кезде, немесе науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы, құрамында вирус бар материал теріге және шырышты қабықтарға түскен кезде жұғуы мүмкін. Өкінішке орай, адамдар Кене шағуы мүмкін немесе шаққан жағдайда да сөзсіз ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын ескермей, негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ойланбайды. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 (көбіне 2-7 күн) күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 0С-қа дейін көтеріледі. Басы, буындары қатты сырқырап ауырады, көзімен тамағы қызарады, тамаққа тәбет болмайды. Содан соң аурудың 2-5 күндері мұрыннан, асқазан-ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап көгеріп кетеді, сол кезінде дәрігерге көрінбесе, ауруы асқынып науқас өліп кетуі де мүмкін, және қасындағы адамдарға да жұқтырып таратуы мүмкін. Кене шаққанда болмаса кененің қаны шашыраған жағдайда немесе аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дер кезінде дәрігерге көріну керек, 2 аптадай медициналық бақылауда болғаны жөн.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған семинар-жаттығу сабағы ұйымдастырылды.

Семинарды аурухананың эпидемиолог дәрігері Б.М.Жарқынбекова өткізді. Оқу барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, аурудың клиникалық белгілері, емдеу шаралары және қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 12.11.2021 жылғы №114 бұйрығы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасына қатысты әдістемелік ұсынымдар негізінде өткізілді.

Семинарға дәрігерлер, мейірбикелер және медицина қызметкерлері қатысып, инфекциялық аурулардың алдын алу және медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру мақсатында білімдерін жетілдірді.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының жиналыс залында жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А.Қ. Ержанова және эпидемиолог Б.М. Жарқынбекова емхана бөлімінің дәрігерлеріне арналған «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында қауіпті жұқпалы аурудың алдын алу, ерте анықтау, диагностика және емдеу тәсілдері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында аттестация ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынақтан өткізді.

Мұндай іс-шаралар дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады.

https://www.facebook.com/reel/1318597740054035

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасына қарасты Қайнар ДА орталығында медициналық қызметкерлеріне арналған семинар-жаттығу сабағы ұйымдастырылып, аттестация өткізілді.

Семинарды аурухананың эпидемиолог мамандары жүргізді. Оқу барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, аурудың клиникалық белгілері, емдеу шаралары және қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №114 бұйрығына және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасына қатысты әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізілді.

Семинарға дәрігерлер, мейірбикелер және басқа да медицина қызметкерлері қатысып, инфекциялық аурулардың алдын алу және медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру мақсатында өз білімдерін жетілдірді.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөржар БМСК орталығында медициналық қызметкерлеріне арналған семинар-жаттығу сабағы ұйымдастырылып, аттестация өткізілді.

Семинарды аурухананың эпидемиолог мамандары жүргізді. Оқу барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, аурудың клиникалық белгілері, емдеу шаралары және қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №114 бұйрығына және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасына қатысты әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізілді.

Семинарға дәрігерлер, мейірбикелер және басқа да медицина қызметкерлері қатысып, инфекциялық аурулардың алдын алу және медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру мақсатында өз білімдерін жетілдірді.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасына қарасты Бадам БМСК орталығында медициналық қызметкерлеріне арналған семинар-жаттығу сабағы ұйымдастырылып, аттестация өткізілді.

Семинарды аурухананың эпидемиолог мамандары жүргізді. Оқу барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, аурудың клиникалық белгілері, емдеу шаралары және қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №114 бұйрығына және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасына қатысты әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізілді.

Семинарға дәрігерлер, мейірбикелер және басқа да медицина қызметкерлері қатысып, инфекциялық аурулардың алдын алу және медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру мақсатында өз білімдерін жетілдірді.

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫ МЕН СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ!

Көктем мезгілі келіп, күннің жылынуымен бірге адамдар қора-қопсысын тазалап, қой қырқу жұмыстарын бастап, табиғат аясына жиі шыға бастайды. Осы кезеңде Конго-Қырым қанды қызбасы мен Сібір жарасы сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу өте маңызды.

Осыған орай, Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы және оған қарасты аймақтардың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Аула аралап, патронаждық қызмет көрсету барысында халыққа аурудың жұғу жолдары, белгілері және сақтану шаралары туралы кеңінен ақпарат берілуде.

Әрбір тұрғын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет:

– Қора-қопсы тазалау кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану

– Малмен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтау

– Табиғатта демалғаннан кейін денені тексеру

– Кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну

Денсаулық – басты байлық! Өз өміріңізді және жақындарыңызды қорғаңыз

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫ МЕН СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ!

Көктем мезгілі келіп, күннің жылынуымен бірге адамдар қора-қопсысын тазалап, қой қырқу жұмыстарын бастап, табиғат аясына жиі шыға бастайды. Осы кезеңде Конго-Қырым қанды қызбасы мен Сібір жарасы сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу өте маңызды.

Осыған орай, Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы және Бөржар МСАК орталығының медицина қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Аула аралап, патронаждық қызмет көрсету барысында халыққа аурудың жұғу жолдары, белгілері және сақтану шаралары туралы кеңінен ақпарат берілуде.

Әрбір тұрғын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет:

– Қора-қопсы тазалау кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану

– Малмен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтау

– Табиғатта демалғаннан кейін денені тексеру

– Кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну

Денсаулық – басты байлық! Өз өміріңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫ МЕН СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ!

Көктем мезгілі келіп, күннің жылынуымен бірге адамдар қора-қопсысын тазалап, қой қырқу жұмыстарын бастап, табиғат аясына жиі шыға бастайды. Осы кезеңде Конго-Қырым қанды қызбасы мен Сібір жарасы сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу өте маңызды.

Осыған орай, Қарақұм ДА орталығының медицина қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Аула аралап, патронаждық қызмет көрсету барысында халыққа аурудың жұғу жолдары, белгілері және сақтану шаралары туралы кеңінен ақпарат берілуде.

Әрбір тұрғын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет:

– Қора-қопсы тазалау кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану

– Малмен жұмыс жасағанда сақтық шараларын сақтау

– Табиғатта демалғаннан кейін денені тексеру

– Кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну

Денсаулық – басты байлық! Өз өміріңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Ұқсас материалдар