Денсаулық мектебі

АИТВ туралы

АИТВ жұқпасы туралы не білеміз?

АИТВ инфекциясы адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ жұқтырған адамдарды АИТВ-мен өмір сүрушілер деп атайды. АИТВ инфекциясы иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды. АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда ЖИТС-ке әкеліп соқтырады.

ЖИТС (СПИД )- жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезеңде науқаста оппортунистік аурулардың бой көтеруіне ағза қолайлы болып табылады. Яғни туберкулез,онкологиялық аурулар ,пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды.

АИТВ инфекциясының қоздырғышының жұқтыру қаупі жоғары адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарына қан, ананың сүті жатады.

Сондықтанда АИТВ-ң негізгі үш жұғу жолдары анықталған.

-Қан және оның компонеттері арқылы

-Қорғалмаған жыныстық жол арқылы

-Анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.

Қан арқылы АИТВ-ға тексерілмеген адамның қанын құйған жағдайда немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда жұғады. Егер адам бір емес бірнеше адаммен жыныстық қатынасына түскен кезде жұқтыруы мүмкін. Егер әйел жүктілік кезінде АИТВ жұқтырса, онда босану кезінде балаға АИТВ жұғады. АИТВ-ға шалдыққан адамды түр келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ инфекциясы жас талғамайды,

ұлт, нәсіл, жыныс талғамайды, кезкелген адам шалдығуы мүмкін . АИТВ инфекциясы тұмау тәрізді ауа тамшылы жолмен жұқпайды,тек қана жоғарыдағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. АИТВ инфекциясы төмендегі жағдайларда жұқпайды: ,қол алысқанда, тамақтанғанда,төсек жабындылары арқылы ,суға түскенде жұқпайды.

АИТВ-ны қалай анықтауға болады?

Адамның түр түсіне,келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ-ны анықтаудың негізгі әдісі ИФА әдісі арқылы қандағы қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы дене дегеніміз ол организмдегі қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар. Егер тестілеу қортындысы оң нәтиже берсе, онда адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді,яғни АИТВ жұқтырған болып есептеледі. Адамдардың АИТВ тексерту не үшін қажет?

– Түрлі жұқпалардың алдын алып дер кезінде емдеу үшін.

– АИТВ жұқтырған жағдайда аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды дер кезінде қолдану үшін.

– өзіне жақын адамдарына,туыстарына , дос-жарандарына жұқтырмау үшін

– АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік,босану,емізу кезінде алдын алу үшін .

Соңғы кездері жыныстық жолмен жұғу жолдары кең етек алып жүктілік кезінде АИТВ жұқтырғандардың көбейуіне байланысты, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері де ( күйеулері ) АИТВ-ға тексерілу бұйрықпен бекітілді. Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Ол үшін емдеу алдын алу мекемелеріне АИТВ- ға тексерілу тегін жүргізіледі

08.04.2025ж күні Ордабасы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында Түркістан облысы "Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығының дәрігер эпидемиолог мамандары Сыздықова Хорлан Өмірбекқызы, Кумашев Бекмұрат Берікұлы және Егембердиева Ғазиза Аканбаевна ТО ДСМ басқармасының 15.01.2025ж №22 н/қ бұйрығы негізінде АИТВ инфекциясының алдын-алу мақсатында қолданыстағы бұйрықтар бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, медицина қызметкерлеріне семинар сабағын өткізіді.

Семинар барысында №180 хаттама 17.03.2023ж "Ересектердегі АИТВ инфекциясының диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы"-Жүкті және босанушы әйелдер және балалардағы АИТВ инфекциясының диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы мен "АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 2020жылғы 27-қарашадағы №211/2020 бұрығында Р24 вирустық антигенін және бірінші, екінші үлгідегі АИТВ-ға антиденелерді анықтайтын экспресс тестпен АИТВ-инфекциясының болуына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексеру жүргізілу бойынша мәліметтер берілді"

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының жиналыс залында Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының білікті мамандарының қатысуымен медицина қызметкерлеріне арналған маңызды семинар өтті.

Семинар барысында дәрігер-инфекционист Хасанова Гүлжан Жәнібековна, сондай-ақ эпидемиолог дәрігерлер Сыздыкова Хорлан Умирбековна, Атамбаева Меруерт Елеусизовна және Кумашев Бекмурат Берикбаевич АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бақылау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қолданыстағы бұйрықтармен таныстырып, олардың орындалу тәртібін түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері өзекті сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Осындай семинарлар халық денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

https://www.facebook.com/reel/1868446523853290


Ұқсас материалдар