Денсаулық мектебі

Дені сау бала мектебі (2)

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында балалардың аналарына "Балалардың дұрыс тамақтандыруы" бойынша шеберлік-мастер класс өткізілді.

Дені сау бала кабинетіне жауапты мейірбике пайдалы әрі теңгерімді тамақтанудың маңызын түсіндіріп, үй жағдайында қалай дұрыс тамақ әзірлеу керектігі туралы тағамдар рецептерімен бөлісті.

Қай тағамдар балалардың өсуі мен дамуына оң әсер етеді? Қандай өнімдерден аулақ болу керек? Барлығын да нақты түсіндіріп өтті. Мақсат – әр отбасының асханасында денсаулыққа пайдалы тағамдар көбірек дайындалуы, балаларымыздың дені сау, қуатты болып өсуі.

ДЕНІ САУ БАЛА ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Дені сау бала» бөлмесінің жауапты мейірбикесі «Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау және нығайту» мақсатында Емшек сүтімен емізу тақырыбы бойынша ашық есік күнін өткізді . Баланы дұрыс емізу 4-3-4 формуласы.

Сәбидің дұрыс емізу бойынша кеңес берудің алгоритмі (4-3-4 формуласы):

Баланың қалпы (4)

* Анасы көкірегін баланың аузына дұрыс салу ережесі(3):

* Сәбидің көкіректі аузына дұрыс алуын тексеру ережесі (4 ):

ВИДЕО АНА СҮТІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

https://www.facebook.com/reel/1035145710480767

Жаңа туылған нәрестенің жұтыну рефлексі әлі толық қалыптаспаған, сондықтан сүтті бақылап жұтынып іше алмайды. Ана сүтінің ағынын реттеу қиын, ал бөтелкемен сүт ішкенде, емізіктің тесігі мен еңкею бұрышы үлкен рөл атқарнады.

2 айдан кейінгі құсу себептері:

1. Сәбидің дұрыс емес қалыпта болуы. Анасы баланы көлденең күйде емізсе немесе ішіне жатқызып емізсе.

2. Гиперлактация (сүттің тым көп бөлінуі) Кейде ана сүті қатты қысыммен келеді, бұл қалыпты жағдай. Мұндай жағдайда емізер алдында аздап сүтті саууға немесебаланың емізу кезінде үзіліс жасауына мүмкіндік беруге болады

3. Жиі емізу

ВИДЕО https://www.facebook.com/ordabasy.audandyk.ortalyk.auruhana.2025

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының ЖТД дәрігері А.Жандарбекова, 3 аймақ мейірбикелері : З.Тоқмұрза , Ж. Қошқарова, баланың дамуын бақылау кабинетіне жауапты мейірбикесі: Ж. Елубаева, Г.Юсупова ӘАМЖ бойынша ата аналарға 6-айдан асқан балалардың "Қосымша тамақтану бойынша" және 6 айлық баланың "Психофизикалық дамуы" жайлы ақпарат беріліп, семинар-тренинг жүргізілді.

ДЕНІ САУ БАЛА ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Дені сау бала» бөлмесінің жауапты мейірбикесі «Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау және нығайту» мақсатында Емшек сүтімен емізу тақырыбы бойынша ашық есік күнін өткізді . Баланы дұрыс емізу 4-3-4 формуласы.

Сәбидің дұрыс емізу бойынша кеңес берудің алгоритмі (4-3-4 формуласы):

Баланың қалпы (4)

* Анасы көкірегін баланың аузына дұрыс салу ережесі(3):

* Сәбидің көкіректі аузына дұрыс алуын тексеру ережесі (4 ):

ВИДЕО АНА СҮТІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

https://www.facebook.com/reel/1035145710480767

Жаңа туылған нәрестенің жұтыну рефлексі әлі толық қалыптаспаған, сондықтан сүтті бақылап жұтынып іше алмайды. Ана сүтінің ағынын реттеу қиын, ал бөтелкемен сүт ішкенде, емізіктің тесігі мен еңкею бұрышы үлкен рөл атқарнады.

2 айдан кейінгі құсу себептері:

1. Сәбидің дұрыс емес қалыпта болуы. Анасы баланы көлденең күйде емізсе немесе ішіне жатқызып емізсе.

2. Гиперлактация (сүттің тым көп бөлінуі) Кейде ана сүті қатты қысыммен келеді, бұл қалыпты жағдай. Мұндай жағдайда емізер алдында аздап сүтті саууға немесебаланың емізу кезінде үзіліс жасауына мүмкіндік беруге болады

3. Жиі емізу

ВИДЕО https://www.facebook.com/ordabasy.audandyk.ortalyk.auruhana.2025

БАЛАНЫН ДАМУЫН БАҚЫЛАУ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Баланың дамуын бақылау» бөлмесінің жауапты мейірбикесі Ж.Елубаева 6 айдан бастап балаларға қосымша тамақ берудің маңыздылығы, дайындау әдісі, қанша мөлшерде берілу керек, әр түрлі тағамның қуаттылығы және берілу уақытын үйретті.

Есте сақтаңыз:

– Балаға беретін езбеде ешқандай түйір болмауы тиіс, яғни толықтай езілген болуы шарт;

– Күріш, қарақұмық ботқаларды ешқандай қант, тұз қоспай су мен сүтті араластырып ұзақ уақыт пісіріп беру.

– Қосымша тамақты алғашқы күні шәй қасықтың ұшынан бастап, содан соң жарты шәй қасық, бір шәй қасық беріледі, 14 күнге дейін біртіндеп қосып 10 ас қасыққа жеткізу керек.

—Анемияның алдын алу үшін міндетті түрде балаға піскен етті еттартқыштар 2 қайтара өткізіп беру керек.

—Бұрын дәмін татпаған тағамын түске дейін беру, күні бойы реакциясын бақылау, егер асқазанына жақпаса, араға 3-5 күн салып, қайта беру.

– Балаға екпе жасатсаңыз, бірнеше күнге дейін жаңа тағам бермеген дұрыс.

– Бала қаламаса, оған тамақты күштеп бермеу;

– Ол қарны ашқанда өзі ұйқыдан оянады, тамақ беру үшін оятпау;

—Қосымша тамақты күніне 3 мезгіл беру керек.

Баланың денсаулығы жақсы, иммунитеті жоғары, есте сақтау қабілетінің жақсы дамып уақытылы сөйлеу үшін құнарлы дұрыс тамақтануы тиіс

https://www.facebook.com/reel/1022169383240031

" ДЕНІ САУ СӘБИ" ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ Ордабасы аудандық орталық ауруханасының "Баланың дамуын бақылау " кабинетінде "1 жасқа дейінгі балалардың тамақтануы туралы" кезекті семинар сабағы өткізілді.

БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ТҮРЛЕРІ. Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.1 жасқа дейінгі балалардың тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.Табиғи тамақтандыру дегеніміз – 5 айға дейін баланы тек ана сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.Баланы тамақтандыру режимі5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек. 5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру.1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру.5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шай қасыққа дейін алма, алмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек.6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ – көкөніс пюрелері(картоп, асқабақ және т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады. 6-7 айынан 2-ші қосымша тамақ – ботқалар (жарма, күріш, сұлы т.б.) беріледі. 7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ – айран беріледі. 9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар беруге болады. 11-12 айында еттен котлета беру керек.

https://www.facebook.com/reel/1378932023192612

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Баланың дамуын бақылау» кабинетіне жауапты мейірбике Ж.Елубаева ӘАМЖ бойынша баланың ата-анасына 6-ай мен 9 айға дейінгі баларға қосымша тамақтану жайлы ақпараттандыру жұмысын жүргізді. Баланың дамуы;– Балаға беретін езбеде ешқандай түйір болмауы тиіс, яғни толықтай езілген болуы шарт;– Ешқандай қант, сүт қосылған тағам бермеу (қант диабетін, т.с.с. аурулар туғызуы ықтимал);– Жүгері, күріш, ұнтақ (манная) ботқаларды тек суға ұзақ уақыт пісіріп беру (сүт май қосуға болмайды);

https://www.facebook.com/reel/1394561541802441

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕМІЗУ АПТАЛЫҒЫ

Дүниежүзілік емізу апталығына (1–7 тамыз) орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Қарақұм ДА орталығының аға дәрігері Назерке Әмірхан жүкті және босанған әйелдерге семинар сабақ өткізді.

Бұл апта — ана мен бала денсаулығын қорғауда емізудің маңызын арттыруға арналған жаһандық шара.

Емізу — балаға өмірлік иммунитет пен махаббат сыйлайды. Ана сүті – жаңа туған нәресте үшін ең табиғи, толыққанды және қауіпсіз тағам. Ол сәбидің иммундық жүйесін нығайтып, көптеген аурулардан қорғайды.

Емізу – ана үшін де пайдалы. Ол босанғаннан кейінгі қалпына келуді жеңілдетіп, жатырдың жиырылуын тездетеді және аналық махаббат байланысын күшейтеді.

БАЛАНЫ ЕМІЗУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Аналарға балаларын емшек сүтімен емізудің пайдасы өте зор және бұл ана мен бала үшін де физикалық әрі психологиялық жағынан маңызды. Төменде емшек сүтінің ең маңызды пайдасы келтірілген:

Бала үшін емшек сүтінің пайдасы

Иммунитетті күшейтеді

– Емшек сүті баланың иммундық жүйесін нығайтады. Онда антиденелер (мысалы, IgA) болады, олар баланы инфекциялардан, вирустардан және бактериялардан қорғайды.

Ас қорытуға оңай

– Емшек сүті жаңа туған нәрестенің асқазан-ішек жүйесіне өте бейімделген, сіңімді келеді.

Инфекциядан қорғайды

– ЖРВИ, іш өту, құсу, құлақ инфекциясы, менингит сияқты аурулардың жиілігін азайтады.

Зияткерлік дамуға әсері

– Кейбір зерттеулерге сүйенсек, емшек сүтімен қоректенген балалардың IQ көрсеткіші сәл жоғары болады.

https://www.facebook.com/reel/1536203104029991

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕМІЗУ АПТАЛЫҒЫ

Дүниежүзілік емізу апталығына (1–7 тамыз) орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөімінде неонатолог дәрігері Накипбекова Эльмира Тельмановна, нәрестелер мейірбикесі Анарова Жұлдыз жүкті және босанған әйелдерге семинар сабақ өткізді.

Бұл апта — ана мен бала денсаулығын қорғауда емізудің маңызын арттыруға арналған жаһандық шара.

Емізу — балаға өмірлік иммунитет пен махаббат сыйлайды. Ана сүті – жаңа туған нәресте үшін ең табиғи, толыққанды және қауіпсіз тағам. Ол сәбидің иммундық жүйесін нығайтып, көптеген аурулардан қорғайды.

Емізу – ана үшін де пайдалы. Ол босанғаннан кейінгі қалпына келуді жеңілдетіп, жатырдың жиырылуын тездетеді және аналық махаббат байланысын күшейтеді.

БАЛАНЫ ЕМІЗУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Аналарға балаларын емшек сүтімен емізудің пайдасы өте зор және бұл ана мен бала үшін де физикалық әрі психологиялық жағынан маңызды. Төменде емшек сүтінің ең маңызды пайдасы келтірілген:

Бала үшін емшек сүтінің пайдасы

Иммунитетті күшейтеді

– Емшек сүті баланың иммундық жүйесін нығайтады. Онда антиденелер (мысалы, IgA) болады, олар баланы инфекциялардан, вирустардан және бактериялардан қорғайды.

Ас қорытуға оңай

– Емшек сүті жаңа туған нәрестенің асқазан-ішек жүйесіне өте бейімделген, сіңімді келеді.

Инфекциядан қорғайды

– ЖРВИ, іш өту, құсу, құлақ инфекциясы, менингит сияқты аурулардың жиілігін азайтады.

Зияткерлік дамуға әсері

– Кейбір зерттеулерге сүйенсек, емшек сүтімен қоректенген балалардың IQ көрсеткіші сәл жоғары болады.

https://www.facebook.com/reel/1289563102614790

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕМІЗУ АПТАЛЫҒЫ

Дүниежүзілік емізу апталығына (1–7 тамыз) орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөген ДА орталығында босанған әйелдерге семинар сабақ өткізді.

Бұл апта — ана мен бала денсаулығын қорғауда емізудің маңызын арттыруға арналған жаһандық шара.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының акушер- гиниколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Баланы дұрыс емізу ережелері», “Дұрыс тамақтану” тақырыбында жас аналарға түсіндіру дәрісін өткізді.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Дені сау бала” бөлмесіне жауапты мейірбикесі Ж. Елубаева “Тек қана емшекпен емізу туралы түсінік.4-3-4 формуласы. Нәрестелер мен 2 айға дейінгі балалардың қауіпті белгілері. Дене тәрбиесі (массаж,гимнастика,шынықтыру)» тақырыптары бойынша жас аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында балалардың аналарына "Балалардың дұрыс тамақтандыруы" бойынша шеберлік-мастер класс өткізілді.

Дені сау бала кабинетіне жауапты мейірбике пайдалы әрі теңгерімді тамақтанудың маңызын түсіндіріп, үй жағдайында қалай дұрыс тамақ әзірлеу керектігі туралы тағамдар рецептерімен бөлісті.

https://www.facebook.com/reel/817597477301702

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында балалардың аналарына "Балалардың дұрыс тамақтандыруы" бойынша шеберлік-мастер класс өткізілді.

Дені сау бала кабинетіне жауапты мейірбике пайдалы әрі теңгерімді тамақтанудың маңызын түсіндіріп, үй жағдайында қалай дұрыс тамақ әзірлеу керектігі туралы тағамдар рецептерімен бөлісті.

Қай тағамдар балалардың өсуі мен дамуына оң әсер етеді? Қандай өнімдерден аулақ болу керек? Барлығын да нақты түсіндіріп өтті. Мақсат – әр отбасының асханасында денсаулыққа пайдалы тағамдар көбірек дайындалуы, балаларымыздың дені сау, қуатты болып өсуі.

https://www.facebook.com/reel/817597477301702

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық аурухананың “ Баланың дамуын бақылау “ кабинетінде 6 айдан асқан нәрестелерге қосымша тамақтандыру тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинарды кабинетке жауапты мейірбике жүргізіп, аналарға қосымша тамақты енгізудің маңыздылығы, мерзімі мен тәртібі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар:

Қосымша тамақты бастау уақыты

Алғашқы тағам түрлері

Тағамды дұрыс дайындау жолдары

Баланың ас қорыту жүйесіне бейімдеу тәсілдері

Аллергиялық реакциялардың алдын алу

сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Қатысушы аналар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды. Семинар барысында пайдалы ақпараттармен қатар, тәжірибелік мысалдар көрсетілді.

Баланың дұрыс тамақтануы — оның денсаулығы мен дамуының негізі!

https://www.facebook.com/reel/1445685150474317

ҚАТЕР” ТОБЫНДАҒЫ 0-3 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ордабасы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы мен №8 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында «қатер» тобындағы (0–3 жас аралығындағы, дене және психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары) балаларды ерте анықтау және диагностикалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Осыған орай, мамандардың бірлескен жұмысы нәтижесінде Ордабасы аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 0–3 жас аралығындағы балаларға кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру барысында балалардың даму ерекшеліктері бағаланып, ата-аналарға тиісті кеңестер берілді.

Ерте диагностика – баланың болашақтағы толыққанды дамуының кепілі. Уақытылы көрсетілген көмек пен түзету шаралары баланың әлеуетін ашуға, қоғамға бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.


Ұқсас материалдар