Денсаулық мектебі

МӘМС туралы

МӘМС жүйесін жетілдіру шеңберіндегі заң жобасының негізгі жаңалықтары

Үздік халықаралық практикаларға сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі елдің әрбір тұрғыны үшін денсаулық сақтаудағы базалық кепілдіктерді іске асыруға және медициналық көмекті қаржыландырудың ұзақ мерзімді тұрақтылығына бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістерді ұсынады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің Комитеті отырысының барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті (МКБП): ашықтық және қолжетімділік

Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсету жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) және МӘМС арқылы қаржыландырылатын қызметтерді қамтиды. Дегенмен, қызметтердің қайталануы және пакеттердің анық ажыратылмауы қиындық тудырады.

2026 жылдан бастап медициналық көмектің бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады:

* ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажырату, қызметтердің қайталануын болдырмау

* Аурулардың ерте профилактикасының қолжетімділігі

* МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін онкологиялық ауруларды анықтауға арналған скринингтер

* Әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туындаған жағдайда тегін тексерулер

* Ресурстарды қайта бөлу арқылы жүйенің қаржылық тұрақтылығы

* Нақты сақтандыру моделіне жақындау

Жүйеде сақтандырылмағанмын. Дәрігердің консультациясын алу үшін не істеу керек?

Сақтандырылған мәртебесі өткен 12 немесе алдағы 12 ай үшін ай сайынғы төлемдер болған кезде беріледі. Демек, бұл жағдайда сақтандырылған мәртебесін екі жағдайда ала аласыз:

1) өткен 12 айдың ішінде жетіспейтін 4 ай үшін (әрқайсысы үшін 4250 теңгеден) дербес төлеуші ретінде жарналар төлеу қажет;

2) жұмыс берушіден жарналар мен аударымдар түсуін, оның қорытындысы бойынша қатарынан 12 төлем алу үшін 4 айдың өтуін күтіңіз.

Қызметкер қазір медициналық көмекке мұқтаж болғандықтан, мәртебе алу үшін бірінші нұсқаны таңдағаны жөн.


Ұқсас материалдар