ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ЖЕҢІС АУЫЛЫНДА
Ордабасы ауданы Жеңіс ауылының халқына сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету, аурудың алдын алу үшін бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» (ЖМК) арқылы медициналық профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстарын жүргізуде.
ЖМК-де пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізіп жатқан білікті жоғарғы санатты дәрігерлер: хирург,рентген, окулист, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), лор дәрігерлері қабылдау жүргізуде.
«САЛАУАТТЫ ЖАЗ- 2025» ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ
Жаз мезгілі – балалардың демалып, табиғат аясында бой сергітетін уақыты ғана емес, сондай-ақ олардың денсаулық жағдайын кешенді тексеруден өткізуге таптырмас мүмкіндік. Осы орайда "Салауатты жаз" республикалық медициналық-әлеуметтік акциясы аясында бір топ білікті дәрігерлер арнайы жабдықталған медициналық автобуспен
Қарақұм дәрігерлік амбулаториясында.
Мақсат – балалар арасында ерте диагностика жүргізу, аурулардың алдын алу және қажетті ем-шараларды ұсыну. Акция құрамында келесі мамандар халыққа қызмет көрсетуде:
– Офтальмолог
– Стоматолог
– Хирург
– Лор
– Ультрадыбыстық диагностика дәрігері
” Салауатты жаз" – бұл тек медициналық акция ғана емес, бұл – балалар денсаулығына жасалған маңызды инвестиция.
ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ТӨРТКҮЛ АУЫЛЫНДА
Ордабасы ауданы Төрткүл ауылының халқына сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету, аурудың алдын алу үшін бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» (ЖМК) арқылы медициналық профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстарын жүргізуде.
ЖМК-де пациенттерді профилактикалық тексерістерден өткізіп жатқан білікті жоғарғы санатты дәрігерлер: ЛОР, рентген, стоматолог, окулист, Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) дәрігерлері қабылдау жүргізуде.


