Денсаулық мектебі

Артериялық гипертония мектебі

Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бадам БМСК Артериялық гипертензияның алдын алу мектебіне жауапты ЖТ дәрігері А.Пирмакова және Қарттар мектебіне жауапты А.Усенова халыққа семинар өткізді. Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, дұрыс тамақтану, тұзды, қаныққан және транс майларды тұтынуды азайтуға кеңес берілді. Азаматтардың денсаулығын қорғауға және салауатты әдеттерді қалыптастыруға арналған үн парақшалар таратылды.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері Сарыбасова Ләззат «Артериалдық гипертензияның алдын алу» тақырыбы бойынша емханаға келген қаралушыларға семинар өткізді.

Артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамырлары патологиясының алдын алу денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. АГ-ның алдын алу физикалық және қозғалыс жүктемесінің ұлғаюын, темекі мен алкогольден бас тартуды, ас тұзын тұтынудың тәуліктік мөлшерін шектеуді, дұрыс тамақтануды көздейді, өйткені кофені, шоколадты және күшті шайды артық мөлшерде тұтыну, жануар майларын және және қарапайым көмірсутектерді көп мөлшерде пайдалану, тұзды тағамдарды тұрақты тұтыну, артық тамақтану сияқты факторлар ағзаға әсер етеді.

Сондай-ақ өзінің салмағын бақылау және дене салмағының артуына жол бермеу, ұйықтау және сергіту режимін сақтау қажет: түнгі ұйқы 8-9 сағатты құрауы тиіс, ал күндізгі ұйқы түнгі ұйқыны толық көлемде алмастырылмайды.

АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында кардиолог дәрігері Д.Б.Жумабаева “Жүрек- қантамыр аурулары. Атеросклероз” тақырыбы бойынша кезекті сабақтар өтті.

Атеросклероз — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа мүшелердің қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша семинар өтті

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері Л.Ж. Сарбасова аймақтық мейірбикелерге арналған «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу, ерте анықтау, науқастарды бақылау және күтім жасау ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мейірбикелерге тәжірибелік кеңестер беріліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мұндай семинарлар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.


Ұқсас материалдар