Денсаулық мектебі

Бронхиальды астма

БРОНХИАЛДЫ АСТМА ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Ж. Қасымханқызы “Бронхиалды астма” денсаулық мектебін өткізді.

Бүгін «Бронхиалды астма» денсаулық мектебі аясында емханаға келген науқастарға аурудың асқынуларының алдын алу бойынша түсіндірме жүргізілді.

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге жоғары сезімтал болады және кезеңмен тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады

Бронх демікпесінің әдетте өзін тұншығу ұстамалары – кенет ауаның жетпеуі, жөтелу ұстамалары, тыныс алу кезінде ысқырықты қырылды ара-тұра жиі естілуімен кеуденің «тарылуы» арқылы білінеді. Тыныс алуын жеңілдету үшін науқас амалсыз ыңғайлы қалыпты ұстайды: қолмен тіреп отырады. Ұстама тиісті «асқындыру» факторларының әсерімен байланысты. Ұстамалар созылмалы өкпе бронхы, жіті респираторлық ауруларының асқынуынан, ұсынылған емді қадағаламалау кезінде өршиді. Ұстамадан тыс науқастар тыныс алудың ауырлығын немесе басқа да жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін. Бұл ұстама ауру түріндегі бронх демікпесі үшін тән белгімен байланысты.


Ұқсас материалдар