Денсаулық мектебі

Босануға дайындау мектебі

Прегравидарлық дайындық – бұл жүктілікке дейінгі кезеңде болашақ ата-ананың денсаулығын жақсарту және ұрықтың дұрыс дамуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін кешенді шаралар.

Бұл кезеңнің мақсаты — әйел мен ер адамның физикалық және психологиялық жағдайын оңтайландыру, болашақ ана мен баланың денсаулығын сақтау, мүмкін болатын қауіп-қатерлерді болдырмау және жүктілікті сәтті өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.

ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?

Ең алдымен псиxологиялық тұрғыдан дайын болу керек. Басқа да адамның өміріне жауапты екеніңізді түсіну керек.

Әйелдің және ердің денінің саулығына көз жеткізу. Кейде денсаулық жағдайының жай-күйі туралы түсінік болмағандықтан, әртүрлі тосынсыйлар шығып жатады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін алдын ала белгілі бір анализдер тапсырылу қажет (ЕРЛЕРГЕДЕ ӘЙЕЛДЕРГЕДЕ)

Дұрыс тамақтану – витаминдерге, ақуызға бай толыққанды тамақтану.

Әрине өзіңізге жетпей жатса, балаға не бересіз? Дені сау бала болсын десеңіз жеген тамағыңызды бақылаңыз

суши, фастфуд дегендерді тоқтатуыңыз керек

Физикалық жаттығулар – өте пайдалы, жүрек-қантамыр жүйесін, жүйке жүйесін және тыныс алу жүйесін, сонымен қатар шыдамдылықты шынықтырады , ұйқыңыз жақсарады, сонымен қатар, артық салмақтан арылтады.

Барлығыңызға қалыпты жүктілік тілеймін!

Дені сау бала тілеймін!

ӨМІРГЕ ДЕНІ САУ БОЛЫП КЕЛУ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күнінің негізгі тақырыбы «Аналар денсаулығы» бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлері «Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен гинеколог дәрігер Ш.Л. Дәуренбекова туу жасындағы әйелдерге және жүкті әйелдерге төмендегі тақырыптар бойынша лекция оқыды. Тақырыпқа сай ақпараттық үнпарақтар таратылды.

1. Жүктілікке дейін және кейінгі кезеңде аналар денсаулығын сақтау және нығайту жолдары

2. Прегравидарлық дайындықтан уақытылы өтудің маңыздылығы

3. Жүктілік кезінде бауыр ауруларының алдын алу

4. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялық аурулардың алдын алу

5. Жүкті әйелдердегі эндокриндік аурулардың алдын алу

6. Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау және нығайту

7. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының эндокринолог дәрігері Б.Жаппаров "Жүкті әйелдердегі эндокриндік аурулардың алдын алу" бойынша түсіндіндіру жұмыстары жүргізілді

https://www.facebook.com/reel/3334910369984977

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының ЖТД Ашірбекова Жазира Тілеуқабылқызы "Прегравидарлық дайындықтан уақытылы өтудің маңыздылығы" бойынша түсіндіндіру жұмысын жүргізді

https://www.facebook.com/reel/575776821501567

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күнінің негізгі тақырыбы «Аналар денсаулығы» бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен ашық есік күні өткізілді. Гинеколог дәрігер Ш.Л.Дәуренбекова туу жасындағы әйелдерге және жүкті әйелдерге «Жүктілікке дейін және кейінгі кезеңде аналар денсаулығын сақтау және нығайту жолдары, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялық аурулардың алдын алу» бойынша семинар өткізді. Әйелдер мен жасөспірімдерге ақысыз кеңес пен медициналық тексерулер ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/reel/4179500219042195

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 12-18 мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығының ашылуы болып өтті.. Осы орайда Репродуктивті денсаулық апталығына орай Отбасын жоспарлауға арналған «АШЫҚ ЕСІК» күні өткізілді.

Іс – шара барысында акушер-гинекологы Ш.Л. Дәуренбекова “Отбасын жоспарлау ” бойынша жүкті әйелдерге семинар өткізді. Жүкті әйелдерге отбасын жоспарлаудың қажеттілігі және «Емізу және контрацепция» тақырыптары туралы айтылып өтті.

Отбасын жоспарлау – әйелдер мен балалардың аурушаңдылығын төмендетуге және денсаулығын сақтауға бағытталған шара болып табылады . Жүкті әйелдер өздерін толғандыратын барлық сұрақтарға қанағаттанарлық

жауаптарын алды.

https://www.facebook.com/reel/988570343062839

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 12-18 мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығынак орай “Отбасын жоспарлау”, “Контрацепция” және “Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу” тақырыптарында туу жасындағы әйелдер мен жүкті әйелдерге хабардарлығын арттыру және ақпараттандыру мақсатында а акушер-гинекологы Ш.Л. Дәуренбекова, психолог Н.М.Өмірзақ семинар өткізді.

Репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын ілгерілету және қалыптастыру; аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы (нашақорлықтың, темекі, алкоголь және басқа да психоактивті заттарды тұтыну) профилактикасы бойынша кеңестер берді.

БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Босануға дайындық» денсаулық мектебіне жауапты акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Жүкті әйелдерге арналған тыныс алу жаттығу.» тақырыбы бойынша жүкті әйелдерге дәріс өтті.

Әйел үшін бала туу өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Босануға жан-жақты және психологиялиқ жағынан дайындалу керек. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Босану кезіндегі «дұрыс» тыныс алу ауырсыну сезімдерін жояды, босану барысын жеңілдетеді, сәбиді оттегімен дұрыс қамтамасыз етеді. Сондықтан анаға тыныс алу жаттығуларын меңгеріп алу маңызды.

БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Босануға дайындық» денсаулық мектебіне жауапты акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар» тақырыбы бойынша жүкті әйелдерге дәріс өтті.

Жүктілік кезеңінде жеңіл әрі дұрыс таңдалған жаттығулар ана мен баланың денсаулығына зор пайдасын тигізеді.

БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Босануға дайындық» денсаулық мектебіне жауапты акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Жүкті әйелдерге арналған тыныс алу жаттығу.» тақырыбы бойынша жүкті әйелдерге дәріс өтті.

Әйел үшін бала туу өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Босануға жан-жақты және психологиялиқ жағынан дайындалу керек. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Босану кезіндегі «дұрыс» тыныс алу ауырсыну сезімдерін жояды, босану барысын жеңілдетеді, сәбиді оттегімен дұрыс қамтамасыз етеді. Сондықтан анаға тыныс алу жаттығуларын меңгеріп алу маңызды.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ: АРТ-ТЕРАПИЯ САБАҒЫ

Ордабасы ауданына қарасты Қайнар дәрігерлік амбулаториясында психолог Г.П. Аликулова пен әлеуметтік қызметкер Г.М. Айтуғанның ұйымдастыруымен «Жүкті әйелдерге психологиялық кеңес» тақырыбында арт-терапия сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жүкті әйелдердің психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, ішкі күйзелісті азайту, жағымды көңіл күй қалыптастыру және ана мен болашақ сәби арасындағы байланысты нығайту. Арт-терапия барысында қатысушылар шығармашылық тапсырмалар арқылы өз сезімдерін еркін жеткізіп, пайдалы психологиялық кеңестер алды.

Мұндай кездесулер болашақ аналардың рухани саулығын нығайтуға және жүктілік кезеңін жеңіл әрі жағымды өткізуге септігін тигізеді

Ордабасы ауданаралық ауруханасына қарасты Бөржар МСАК-та психологы Аликулова Гульфиза Пердекуловна «Жүкті әйелдерге психологиялық кеңес» тақырыбында іс-шара өткізді.

Кездесу барысында маман аналардың жүктілік кезеңіндегі эмоциялық жағдайы, күйзеліспен күресу жолдары, өзін-өзі қолдау тәсілдері жайлы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық жаттығулар ұсынылып, жеке сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шара болашақ аналардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған тиімді кездесу болды.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының Босануға дайындық денсаулық мектебінде жүкті әйелдерге арналған кезекті семинар сабағы өтті.Семинарды жауапты акушерка Сайманова Азиза жүргізді. Сабақтың тақырыбы – «Контрацепция түрлері».Семинар барысында қатысушыларға контрацепцияның негізгі түрлері, олардың тиімділігі мен қолдану ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, гормоналды әдістер, жатырішілік құралдар, тосқауылдық (барьерлік) әдістер және табиғи жоспарлау тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, әр әдістің артықшылықтары мен мүмкін болатын жанама әсерлері талқыланды.Болашақ аналар өздеріне қолайлы және қауіпсіз әдісті таңдаудың маңыздылығын түсініп, маманнан қажетті кеңестер алды. Отбасын дұрыс жоспарлау – ана мен бала денсаулығының негізі.

https://www.facebook.com/reel/2760739517617611


Ұқсас материалдар