Денсаулық мектебі

Ашық есік күні

ХАБАРЛАНДЫРУ

”Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ 01.03.2023 жылғы №131 бұйрығына сәйкес, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының базасында ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында, 2025 жылдың 3-4 сәуір күндері, құрамында кардиолог, гепатолог, нефролог және жүректің ультрадыбыстық зерттеу бейінді мамандарынан құрылған жұмыс тобы консультациялық қабылдау жүргізеді.

1.Нугманова Балжан Турсынхановна- дәрігер гепатолог, №1 терапия бөлімінің меңгерушісі;

2.Кармакбаев Сарсенбай Берикович- дәрігер нефролог, №2 терапия бөлімінің меңгерушісі;

3.Арыспаев Бахыт Есенгельдиевич- функиональды диагностика бөлімінің УДЗ дәрігері;

4.Мамадалиев Ойбек Абдулазизұлы- кардиология бөлімінің кардиолог дәрігері;

Тегін кеңес алу және тәжірибелі мамандардан медициналық көмек алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс сымтетіктеріне хабарласыңыз:

Басшы орынбасары Ж.С.Әбдірайым +7 701 356 96 60

Бөлім меңгерушісі Э.С.Сұлтан +7 702 146 55 64

ХАБАРЛАНДЫРУ

2025ж 3 сәуір күні Түркістан облысы Облыстық клиникалық аурухана базасында А.Н. Сызғанов атындағы “ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ” АҚ Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы , профессор, академик Б.Б.Баймахановтың жетекшілігімен хирург мамандары шеберлікті шыңдау мақсатында тәжірибе алмасады және “ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ” АҚ медицина ғылымдарының кандидаты М.О.Пашимов жетекшілігімен Ордабасы аудандық орталық ауруханасының базасында ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрамында (кардиолог, кардиохирург, гепатолог, нефролог,аритмолог және жүректің ультрадыбыстық зерттеу) бейінді мамандарынан құрылған жұмыс тобы сағ. 09:00-17:00, түскі үзіліс сағ. 13:00-14:00 консультациялық қабылдау жүргізеді.

Тегін кеңес алу және тәжірибелі мамандардан медициналық көмек алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс сымтетіктеріне хабарласыңыз:

Басшы орынбасары Ж.С.Әбдірайым

+7 701 356 96 60

Бөлім меңгерушісі Э.С.Сұлтан

+7 702 146 55 64

БҮКІЛӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күнінің негізгі тақырыбы «Аналар денсаулығы» бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының Қараспан БМСК медициналық қызметкерлері «Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен ашық есік күнін өткізді. Гинеколог дәрігер Кенжеғұлова Күларайым Жақсығалиқызы туу жасындағы әйелдерге және жүкті әйелдерге төмендегі тақырыптар бойынша лекция оқыды. Әлеуметтік қызметкер Бейсенова Айдана Каналқызы тақырыпқа сай ақпараттық үнпарақтар таратты.

1. Жүктілікке дейін және кейінгі кезеңде аналар денсаулығын сақтау және нығайту жолдары

2. Прегравидарлық дайындықтан уақытылы өтудің маңыздылығы

3. Жүктілік кезінде бауыр ауруларының алдын алу

4. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялық аурулардың алдын алу

5. Жүкті әйелдердегі эндокриндік аурулардың алдын алу

6. Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау және нығайту

7. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау

БҮКІЛӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күнінің негізгі тақырыбы «Аналар денсаулығы» бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының Бадам БМСК медициналық қызметкерлері «Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен ашық есік күнін өткізді. Гинеколог дәрігер Орынбаева Замира Мамытбековна туу жасындағы әйелдерге және жүкті әйелдерге төмендегі тақырыптар бойынша лекция оқыды.

1. Жүктілікке дейін және кейінгі кезеңде аналар денсаулығын сақтау және нығайту жолдары

2. Прегравидарлық дайындықтан уақытылы өтудің маңыздылығы

3. Жүктілік кезінде бауыр ауруларының алдын алу

4. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялық аурулардың алдын алу

5. Жүкті әйелдердегі эндокриндік аурулардың алдын алу

6. Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау және нығайту

7. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау

ҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЕПАТИТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жыл сайын 28 шілде күні әлем бойынша Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні аталып өтіледі. Осыған орай, Ордабасы аудандық орталық ауруханасында тұрғындар арасында Ашық есік күні ұйымдастырылып, тегін кеңестер мен тексерулер жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың гепатит вирустары жайлы ақпараттылығын арттыру, алдын алу шараларын насихаттау және ерте диагностика арқылы аурудың асқынуына жол бермеу.

Ашық есік аясында келушілерге:

• В және С вирустық гепатиттер туралы толық ақпарат берілді;

• Тегін дәрігерлік кеңес көрсетілді;

• Скринингтік тексерулер мен экспресс-тестілеулер жүргізілді;

• Алдын алу, вакцинация, салауатты өмір салты туралы парақшалар таратылды.

Сонымен қатар, аурухана дәрігерлері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қатысуымен тақырыптық семинар сабақтары ұйымдастырылды. Семинарда гепатиттің таралу жолдары, оның бауыр қызметіне әсері, созылмалы түрінің қауіптілігі мен емдеу әдістері жайында жан-жақты мағлұмат берілді.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 09 тамыз күні "Сүндетке отырғызу" Ашық есік күні өткізілді.Арнайы акция аясында үш бала әкелген жағдайда – бір балаға қызмет тегін ұсынылды. Бұл шара ата-аналарға балаларын қауіпсіз, стерильді жағдайда, білікті дәрігерлердің қатысуымен сүндетке отырғызуға мүмкіндік берді.Іс-шара жылы жүзді қабылдау, заманауи медициналық құрал-жабдықтар және жоғары деңгейдегі қызмет көрсету арқылы өтті

https://www.facebook.com/reel/24620653217566947

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында “Отбасы күніне” арналған Ашық есік күні өтті

Шараның негізгі тақырыбы – репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері болды.

Ашық есік күні барысында акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова аудан тұрғындарына отбасы денсаулығын сақтау, ерлі-зайыптылардың репродуктивті саулығы, жоспарлы түрде жүктілікті басқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жан-жақты ақпараттар ұсынылды.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Еңбек күніне орай ашық есік күні өтті

Еңбек адамдары мен аудан тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында тегін медициналық-профилактикалық диагностика ұйымдастырылды.

Ашық есік аясында аудан тұрғындары невропатолог, хирург, онколог, дерматолог, кардиолог, эндокринолог, окулист, эндоскопист мамандарына қаралды.

Сонымен қатар УДЗ, рентген сияқты зерттеулер де тегін жүргізілді.

https://www.facebook.com/reel/763784086493372

Сүт безі обырының алдын алу күні

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында сүт безі обырының алдын алу мақсатында Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара барысында 47 әйел азаматтары мамолог, онколог, УЗИ дәрігер-мамандардан тегін тексеруден өтіп, кеңес алды.

ИНСУЛЬТТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай инсульттың алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында невропатолог, кардиолог, офтальмолог (окулист), эндокринолог, психолог, әлеуметтік қызметкер және жалпы тәжірибелі дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін анықтады.

https://www.facebook.com/reel/4042543142674349

АИТВ-НЫҢ АЛДЫН АЛУ: АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2025 жылғы 14 қараша күні сағат 10:00-де Ордабасы ауданаралық ауруханасында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты іс-шара өтті.

Шара Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» форматында ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/reel/1172007461664921

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы бастау алды.

Ордабасы ауданаралық ауруханасында басшы орынбасары А. А.Иманова, психолог Н.Өмірзақ, әлеуметтік қызметкерлер және Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен бірлесе Ашық есік күні өткізілді.

АИТВ-НЫҢ АЛДЫН АЛУ: АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2025 жылғы 14 қараша күні сағат 10:00-де Ордабасы ауданаралық ауруханасында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты іс-шара өтті.

Шара Түркістан облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» форматында ұйымдастырылды.

Тұрғындар мен медицина қызметкерлері АИТВ-ға ерікті түрде тексеруден өтті.

Сонымен қатар, жұртшылыққа алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық үн парақшалар таратылды.

https://www.facebook.com/reel/1172007461664921

Ордабасы ауданына қарасты Қ.Сатпаев жалпы білім беру мекемесінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Мен таңдаған жол» атты ашық есік күнін мектеп мейірбикесі өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру, өз таңдаған бағыттары бойынша саналы шешім қабылдауға баулу болды. Ашық есік барысында түрлі танымдық алаңдар, спорттық белсенділіктер мен шығармашылық көрмелер ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Мектеп ұжымы мен оқушылардың бірлесе атқарған жұмысы нәтижесінде шара мазмұнды да әсерлі өтті.

https://www.facebook.com/reel/1295524042533348

ӨЗ КӨРСЕТКІШІҢДІ БІЛ – ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ҚОРҒА!

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ұйымдастырылды!

Бұл күні аудан тұрғындарына білікті дәрігерлер тегін медициналық кеңес беріп, әрбір келушінің денсаулығына ерекше көңіл бөлді. Қабылдау жүргізген мамандар қатарында: кардиолог,невропатолог, эндокринолог,окулист, ЛОР дәрігері, жалпы тәжірибелік дәрігер

Сонымен қатар, заманауи құрылғылар арқылы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізіліп, тұрғындар өз денсаулық жағдайын тексеруге мүмкіндік алды.

Ашық есік күні аясында көптеген тұрғындар профилактикалық тексеруден өтіп, дәрігерлерден қажетті кеңестер алып, аурудың алдын алу жолдары туралы пайдалы ақпараттармен қамтылды.

Мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және уақытылы тексерістен өтудің қажеттілігіне ерекше тоқталды.

Осындай шаралар халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және медицина қызметінің қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосады.

Денсаулық — әрбір адамның басты байлығы!#ДүниежүзілікДенсаулықКүні

https://www.facebook.com/reel/891315387244587

Денсаулық күніне орай Ордабасы ауданына қарасты Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беру мекемесінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтың маңыздылығын насихаттау. Күн аясында түрлі спорттық жарыстар, эстафеталар, дене шынықтыру жаттығулары және ашық сабақтар өткізілді.

https://www.facebook.com/reel/1296067815737141


Ұқсас материалдар