Денсаулық мектебі

Іс-шаралар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері арасында «Walk the Talk» спорттық іс шара өткізілді

https://www.facebook.com/reel/1193855842283192

ӨМІРГЕ ДЕНІ САУ БОЛЫП КЕЛУ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

2025 жылғы 7 сәуірде атап өтілетін "Бүкіләлемдік денсаулық күні" аналар мен нәрестелердің денсаулығын қорғау мақсатында Ордабасы аудандық орталық ауруханасында "Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі" ұранымен іс- шара өткізілді. Осы орайда, ана мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына ерекше назар аударылады.

Жаңа туған нәрестенің саулығы-ананың күтімі мен махаббатына тікелей байланысты.

#Өмірге дені сау болып келу – жарқын болашақтың кепілі

https://www.facebook.com/reel/1207981740935866

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында акушер-гинеколог дәрігерлер мен акушерлер арасында 3 айлық қорытынды есебі талқыланды.

Жиында талқыланған мәселелер:

Аймақ бойынша туу жасындағы әйелдер мен жүкті әйелдер саны, жоғары қауіпті топтағы жүкті әйелдер, контрацепциямен қамтылғаны, пренеталдық скрининг талқыланды.

”Қауіпті факторлар бойынша” әйелдерді бөле отырып жүктілік, босанатын және босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынулардың алдын алу және оларды ерте анықтау мақсатында жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау жұмысы, жүкті және босанатын әйелдердің патронажын жүргізу, отбасын жоспарлау және босануға дайындық, жас ана денсаулық мектептері бойынша консультация беру жұмысы талқыланды.

Экстрагениталды, гинекологиялық патологияларды уақтылы анықтау және оларды диспансерлік есепке алу үшін қосымша әдістерді пайдалану және арнайы мамандарды тартумен терең зерттеп-қарау қажеттілігі кезінде тағайындаумен бала көтеретін жастағы әйелдерді зерттеп-қарау, экстрагениталды ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеріп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу жұмысы бойынша айтылып өтті.

Әрбір туу жасындағы әйелдер мен жүкті әйелге көңіл бөліп , арбіріне медициналық көмекті сапалы ұйымдастыру керек екені атап өтілді.

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Ұлы отан жеңісіне 80-жыл толуына орай Ордабасы аудандық орталық аурухананың невропатолог, лор, окулист, жалпы тәжірибелі дәрігерлері Ордабасы ауданы Бөржар, Жамбыл, Бірлік, Қайнар ауылдарының тыл ардагерлеріне үй жағдайында арнайы медициналық көмек көрсетті.

Ардагерлеріміздің денсаулығы мұқият бақылауға алынып, төмендегідей шаралар жүзеге асырылды:

*Қан қысымы өлшенді

*Электрокардиограмма (ЭКГ) түсірілді

*Қандағы қант мөлшері өлшенді

*Жалпы денсаулық жағдайы тексерілді

*Көзі тексерілді

*Неврологиялық тексеру жүргізілді

Ардагерлерге көмек көрсету — біздің парызымыз және құрметіміз. Олардың денсаулығын жақсарту және қажетті күтім көрсету мақсатында жүзеге асырылған шаралар олардың жақсы көңіл-күйі мен сапалы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай шаралар олардың ардақты еңбегін бағалау мен құрметтеудің бір бөлігі болып табылады.

АУДАНЫМЫЗДА ҰЛЫ ОТАН ЖЕҢІСІНЕ 80-ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ “АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ” АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Ұлы отан жеңісіне 80-жыл толуына орай Ордабасы аудандық орталық аурухананың невропатолог, лор, окулист, эндокринолог, жалпы тәжірибелі дәрігерлері Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылдарының тыл ардагерлеріне үй жағдайында арнайы медициналық көмек көрсетілді.

Ардагерлеріміздің денсаулығы мұқият бақылауға алынып, төмендегідей шаралар жүзеге асырылды:

*Қан қысымы өлшенді

*Электрокардиограмма (ЭКГ) түсірілді

*Қандағы қант мөлшері өлшенді

*Жалпы денсаулық жағдайы тексерілді

*Көзі тексерілді

*Неврологиялық тексеру жүргізілді

Ардагерлерге көмек көрсету — біздің парызымыз және құрметіміз. Олардың денсаулығын жақсарту және қажетті күтім көрсету мақсатында жүзеге асырылған шаралар олардың жақсы көңіл-күйі мен сапалы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай шаралар олардың ардақты еңбегін бағалау мен құрметтеудің бір бөлігі болып табылады

” ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАС" ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС АРДАГЕРІ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ардагерлерге деген ерекше ілтипат пен құрметтің белгісі ретінде "Ардагерлерді ардақтайық " акциясы аясында Ордабасы ауданына қарасты Бадам елді мекенінің тұрғыны ауданымыздың мақтанышы 101 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері Мұратов Калмен ақсақалдың шаңырағына аудандық орталық аурухана басшысы Тасырбаев Райымбек Берікұлы және медицина қызметкерлері арнайы барып жағдайымен танысып, мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты.

Соғыс ардагерінің денсаулығын тексеру мақсатында невропатолог, лор, окулист, эндокринолог, жалпы тәжірибелі дәрігері барып, медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізді. Электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы мен қандағы қант мөлшері өлшенді.

Ардагерлерге көмек көрсету — біздің парызымыз және құрметіміз. Олардың денсаулығын жақсарту және қажетті күтім көрсету мақсатында жүзеге асырылған шаралар олардың жақсы көңіл-күйі мен сапалы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай шаралар олардың ардақты еңбегін бағалау мен құрметтеудің бір бөлігі болып табылады.

АУДАНЫМЫЗДА ҰЛЫ ОТАН ЖЕҢІСІНЕ 80-ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ “АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ” АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Ұлы отан жеңісіне 80-жыл толуына орай Ордабасы аудандық орталық аурухананың невропатолог, лор, окулист, эндокринолог, ревматолог, жалпы тәжірибелі дәрігерлері Ордабасы ауданының тыл ардагерлеріне үй жағдайында арнайы медициналық көмек көрсетілді.

Ардагерлеріміздің денсаулығы мұқият бақылауға алынып, төмендегідей шаралар жүзеге асырылды:

*Қан қысымы өлшенді

*Электрокардиограмма (ЭКГ) түсірілді

*Қандағы қант мөлшері өлшенді

*Жалпы денсаулық жағдайы тексерілді

*Көзі тексерілді

*Неврологиялық тексеру жүргізілді

Ардагерлерге көмек көрсету — біздің парызымыз және құрметіміз. Олардың денсаулығын жақсарту және қажетті күтім көрсету мақсатында жүзеге асырылған шаралар олардың жақсы көңіл-күйі мен сапалы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай шаралар олардың ардақты еңбегін бағалау мен құрметтеудің бір бөлігі болып табылады.

МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТ

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде қызығы мен қиыншылығы мол қастерлі мамандықты таңдап, басты байлық денсаулық саласында қызмет етіп жүрген Мейіргерлер мерекесіне арналған көлемді іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымыздағы аурухананың кірпіші қаланғаннан бастап қызмет жасап, абыройлы зейнеткерлікке шыққан ардагер дәрігерлер, аудандық медицина қызметкерлері, жастар және басқа да арнайы қонақтар қатысты.

Концерт аудандық медицина мекемесі тарапынан дайындалған «Аурухана тынысы» атты бейне роликпен ашылып, бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдіруге, аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз сахна төріне шақырылды.

«Мейіргер – науқастың жанын жұбататын, дертіне дауа іздейтін жанашыр жан. Әлемдегі ең ізгі, ең абзал мамандық иесі дәрігер болу – үлкен мәртебе. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еселі еңбектеріңіз – қоғам үшін өте маңызды. Бүгінде аудандағы заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамтылған емдеу орындарында, медициналық қызмет сапасы жыл сайын артып келеді. Бұл нәтижеге осы салада тер төгіп жүрген 683 орта буын кызметкерінің үлесі өте үлкен»,-деп сөз саптаған аудан әкімі орынбасары мерейлі мейіргерлерді бүгінгі мейрамға орай арнайы марапаттады.

Келесі кезекте аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков құттықтау лебізін білдірді. Шарадағы ең әсерлі де тартымды бөлім мейірбикелер арасындағы «Ізгіліктің ізімен» атты тақырыптағы өнер мен біліктілік сайысы болды. Сайыс барысында мейірбикелеріміз өздерінің өнерін жан жақты ортаға салып, еркін тақырыпта интермедия, ән, би және медициналық тақырып бойынша сұрақ жауап кезеңдерінде саладағы өз бөлімнің намысын қорғады.

Сайыс қорытындысында қатысқан үміткерлерді марапаттау үшін аудандық орталық аурухананың басшысы Райымбек Тасырбаевқа сөз беріліп, ауданның бас дәрігері мейірбикелерді мерекемен құттықтап, арнайы марапат, алғыс хаттар тапсырды.

Бұл мерекелік іс-шара мейірім мен ізгіліктің иелері ақ халатты абзал жандарды құрметтеудің үлгілі көрінісі болды.

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСҚА ШЫҒУ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУ!

Ордабасы ауданаралық ауруханасының басшысы Тасырбаев Райымбек Берікұлы 15 қараша – “Ұлттық валюта күні” есеп қисап бөлімінің қызметкерлері мен зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді арнайы құттықтады.

Іс-шара барысында Райымбек Берікұлы көп жылдық адал еңбегімен медицина саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлерге өзінің алғысын білдіріп, олардың кәсіби біліктілігі мен халық денсаулығын жақсартуға қосқан еңбектерін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды

https://www.facebook.com/reel/1527714955618556

https://www.facebook.com/reel/1122452829690456

https://www.facebook.com/reel/1556918355335219

https://www.facebook.com/reel/1167340648832095

https://www.facebook.com/reel/3748997172072437

Ордабасы көпбейінді орталық ауруханасының жиналыс залында ауданның бас имамы Жумадилаев Рахматилла тұрғындарға “шет елдердің діни оқу орындарында білім алудың қажеттілігі жоқтығын “ түсіндірді. Сонымен қатар, ол теріс діни ағымдардың алдын алу бойынша маңызды ақпарат беріп, азаматтарды сақ болуға шақырды.

Кездесу барысында діни сауаттылық пен қоғамдағы бірлік мәселелері талқыланды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – әрқайсымыз үшін халықтың басты құндылықтарын бейнелейтін ұлы тарихи күн – бұл бостандық, бірлік және ата-бабаларымыздың егеменді мемлекет туралы арманының орындалуы. Қазақстанымыз өркендей берсін, еліміздің туы асқақтай берсін. Әрбір отбастарыңызга бақыт-береке, толағай табыс және зор денсаулық тілейміз!

https://www.facebook.com/reel/2281112645646015

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАРАСПАН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданына қарасты Қараспан елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 2024 жылы басталған құрылыс жұмыстары сәтті аяқталып, 14 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл халқы үшін үлкен қуанышқа айналды.

Жаңа амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, амбулаторияда тіс дәрігері, физиотерапия, акушер-гинекология, кеңейтілген мейіргер бөлмесі, тегін дәрі-дәрмек беру пункті, дені сау бала бөлмесі, күндізгі стационар, сүзгі және ине егу бөлмелері, екпе егу кабинеті, педиатр кеңесшісі, дезинфекциялық ерітінді дайындау бөлмесі, дәрі-дәрмек қоймасы, психолог пен әлеуметтік қызметкер кабинеттері, жуып-шаю бөлмесі және өзге де арнайы кабинеттер жұмыс істейді.

Медициналық нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудандық аурухананың басшысы Райымбек Тасырбаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Салтанатты шара барысында ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Енді Қараспан ауылының тұрғындары дертіне шипа тауып, қажетті медициналық көмекті өз ауылында ала алады.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҚАРАСПАН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 14 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ БАР ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

https://www.facebook.com/reel/1398601311890286

СКРИНИНГТІК ІС-ШАРАЛАР БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің� 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020� 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020�бұйрықтарына сәйкес нысаналы топтағы азаматтарға профилактикалық медициналық скринингтерді сапалы ұйымдастыру және жүргізу мақсатында бекітілген бейінді мамандардың қатысуымен Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының жиналыс залында БМСК және ДА аймақ қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарды өткізген бекітілген бейінді мамандар:

* Кардиолог-дәрігер – Э. Сұлтан

* Эндокринолог-дәрігер – Б.Жаппар

* Офтальмолог-дәрігер – Ж. Вағазова

* Акушер-гинеколог – Ш. Дауренбекова

* Маммолог-дәрігер – А. Ескермес

* Хирург-дәрігер – Б. Пашаев

* Инфекционист-дәрігер – Е. Дабысов

* Невропатолог-дәрігер –Б.Срайл

Семинар барысында скринингтік зерттеулерді жүргізу қағидалары, нысаналы топтарды қамту, ауруларды ерте анықтау, динамикалық бақылау және есеп беру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Скрининг бағыттары:

* Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы

* Қант диабеті, глаукома

* Цереброваскулярлық аурулар

* В және С вирустық гепатиттері

* Сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек ісіктері

Скрининг – денсаулықты сақтаудың тиімді жолы!

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕГУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Ордабасы ауданына қарасты БМСК Шұбар, БМСК Қараспан, БМСК Төрткүл, БМСК Бадам, МСАК Бөржар, ДА Қайнар, ДА Көктөбе, ДА Қажымұқан мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған профилактикалық егулерді дұрыс ұйымдастыру және жүргізуге дайындау мақсатында семинар және аттестация өткізілді.

Іс-шара барысында профилактикалық егулерді жүргізудің тәртібі, сақтау талаптары, асқынулардың алдын алу және эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинарды:

фтизиатр дәрігері — Ш. Гулиев,

иммунолог — Г. А. Юсупова,

эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы — М. Тасболатова,

иммунолог көмекшісі — Н. Абдуманапова жүргізді.

Аталған семинарға ЖТД дәрігерлері, БМСК және МСАК аға дәрігерлері, ФАП пен МБ фельдшерлері, аймақтық мейірбикелер, алдын ала егу бөлмелерінің және мектеп мейірбикелері белсенді түрде қатысты.

Бұл шара медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және аудан тұрғындарына көрсетілетін профилактикалық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

ОРДАБАСЫ КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА«ЕРІКТІ ДОНОР» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылдың 29 қаңтар күні Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында Шымкент қалалық қан орталығынан мамандар келіп “Ерікті донор” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға аурухана қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, ерікті түрде қан тапсырды.

Бұл акцияның мақсаты – өмірге араша түсетін донорлықты насихаттау, қан тапшылығының алдын алу және көмекке мұқтаж жандарға үміт сыйлау болды.

Аурухананамызда «Ерікті донор» қайырымдылық акциясында 125 адам қан тапсырды. Акцияға қатысушылардың қатарында бұған дейін де бірнеше рет қан тапсырған қызметкерлер мен тұрғындар, алғаш рет қолға алған донорлар да бар.

Егер еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруы¬нан айығып, аяғына нық тұрар еді. Әрі қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарады. Сонымен жүйелі қан тапсыру жүрек-тамыр жүйесін нығайтып, ағзаның өзін-өзі жаңарту қызметін қамтамасыз етеді.

Қанды кез келген дені сау, 18 жастан асқан, салмағы кем дегенде 50 кг болатын адам тапсыра алады. Әрине, донорлыққа қарсы көрсетілімдері болмаса. Бір адам тапсыратын 450 мл қанның физиологиялық дозасы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Үнемі қан тапсыру арқылы біз дағдарыс жағдайында мұқтаж адамдарға тез және тиімді көмектесу үшін жеткілікті қан қорының болуын қамтамасыз ете аламыз.

https://www.facebook.com/reel/2128781287872719

ҚҰТЫРМА АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ

Аудан тұрғындарын құтырма ауруынан қорғау, емдеу-алдын алу мекемелерінің дайындығын күшейту және медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 12.11.2021 жылғы №114

«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар» бұйрығын басшылыққа ала отырып, С.К. Кенжеевтің төрағалығымен өткізілді.

Семинарды жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А.К. Ержанова, травматолог дәрігері А. Ахметов және эпидемиолог мамандар жүргізді. Іс-шара барысында босқын иттер мен басқа да жануарлардан жарақат алған азаматтарға көрсетілетін бастапқы медициналық көмек пен антирабикалық қызмет көрсету тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған бағытта қызмет көрсететін медицина қызметкерлері аттестациядан өтті.

Аталған семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және аудан бойынша құтырма ауруының алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.

Семинар соңында қызметкерлерге билет алынып, рұқсат қағаз берілді.

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” атты Жалпыұлттық коалиция өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, Ордабасы көпбейінді аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Коалиция құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Дулатбек Әбіш пен Ғани Райымбеков, облыстық Саяси кеңес Бюросының мүшесі Дәулет Мұсаев және Ордабасы ауданының құрметті азаматы Лесбек Жүсіп болды.

Алғашқы кездесу Темірлан ауылындағы Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында өтті. Медициналық мекеме ұжымымен жүздесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыты – әділетті қоғам құру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтарын жан-жақты қорғау екені жан-жақты түсіндірілді.

Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі

Ордабасы ауданы орталық ауруханасында медицина қызметкерлерінің қатысуымен Конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге қатысушылар – аурухананың дәрігерлері, мейіргерлері және өзге де медицина саласының мамандары. Жиын барысында Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың қоғам өміріндегі маңызы мен ел дамуына қосатын үлесі жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерін толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, реформалардың мән-маңызын кеңінен түсіндіруге бағытталған.

ШЫМКЕНТ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА NURSE QUIZ ӨТТІ

Шымкент жүрек орталығында түрлі медициналық ұйымдардан келген мейіргерлердің қатысуымен ерекше форматтағы Nurse Quiz ұйымдастырылды.

Бұл тек білім сайысы ғана емес — тәжірибе алмасу, командалық рухты сезіну және кәсіби бірлікті нығайтуға арналған мазмұнды кездесу болды

«Адреналин» командасының құрамында бақ сынаған Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының операциялық мейіргерлері жүлделі III орынды иеленіп, абыроймен оралды.

Осындай игі шаралар мейіргер мамандығының қоғамдағы маңызын айқындап, сала мамандары арасындағы бірлікті одан әрі күшейте түседі

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында ғимаратында медицина саласы қызметкерлерімен Жаңа Конституция реформаларын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында Конституцияның 27-бабында бекітілген еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жағдай жасау кепілдіктері кеңінен түсіндірілді. Бұл нормалар медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға, кәсіби тәуекелдерді азайтуға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жиын ашық форматта өтіп, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.

https://www.facebook.com/reel/1708943710074046

ЛУДОМАНИЯ, СУИЦИД ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының жиналыс залында Шымкент қаласының және Түркістан облысының МКҚБ ММ 2-полиция батальоны Ордабасы ауданының қызметкерлеріне арналған «Лудомания, суицидтің алдын алу, нашақорлық, темекі және алкогольдің зиянының алдын алу» тақырыптарында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға 2-полиция батальоны аға инспектор-психологы, полиция капитаны Ж.Қ. Махатова, нарколог дәрігер М.А. Сулейменов, психологтар Н. Өмірзақ пен Ш.А. Танабай, сондай-ақ әлеуметтік қызметкер М.К. Кошанова қатысты.

Семинар барысында тәуелділіктің алдын алу жолдары, психологиялық қолдау көрсету тетіктері, қауіп факторларын ерте анықтау және құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік ұсыныстармен бөлісті.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамдағы психологиялық тұрақтылықты нығайту.

https://www.facebook.com/reel/1213150987475813

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының басшысы Р.Б. Тасырбаев Түркістан облысының «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігі тарапынан «KazMed» федерациясының «Үздік әлеуметтік серіктестік» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – ұжым мен кәсіподақ арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан сүбелі үлесінің айғағы.

2025 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

05.01.2026 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасына жұмыс сапарымен келіп, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында аурухананың бөлімшелерін аралап, медициналық қызмет көрсету барысымен танысып, дәрігерлермен пікір алмасты.

Одан кейін 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиыны өтті.

Жиын барысында аурухананың негізгі қызмет көрсеткіштері жан-жақты талданып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға ерекше назар аударылды. Облыстық фтизиопульмонология орталығының басшысы Бектурганов Рамазан Сейдахметұлы белсенді қатысып, бірқатар маңызды көрсеткіштерге тоқталды. Атап айтқанда, жыл ішінде сауықтыру мақсатында ем қабылдауға жолданған азаматтар саны, қауіпті топтар арасында флюорографиялық тексеру барысында туберкулездің анықталу деңгейі, сондай-ақ міндетті тексерілуге жататын топтар арасында анықталған науқастар саны талқыланды. Сонымен қатар физиотерапевт мамандарының кадрлық мәселесі көтерілді.

Жалпы аудан бойынша туберкулезге қарсы атқарылған шаралар оң бағаланып, профилактикалық тексерулердің қамтылуын арттыру және туберкулездің ерте анықталуын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ділдабеков Жанболат Бердібайұлы травматология бөлімін хирургия бөлімінен бөлек орналастыру қажеттігін атап өтті.

2025 жылғы негізгі жетістіктер:

• Профилактикалық тексерулердің қамтылуы едәуір артты

• Медициналық қызмет сапасы жақсарып, тұрғындардың қанағаттану деңгейі өсті

• Цифрлық жүйелер арқылы қызмет көрсету үдерістері жеңілдетілді

• Дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен командалық жұмысы күшейді

Жиын қорытындысында басқарма басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы алдағы уақытта медициналық көмекті жетілдіру, халық денсаулығын нығайту және қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Бұл жетістіктер — ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Біздің мақсатымыз — тұрғындарға сапалы, қолжетімді және заманауи медициналық көмек көрсету!

https://www.facebook.com/reel/1456358036161704

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында Дүниежүзілік семіздікпен күрес күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Аурухана эндокринолог дәрігері және дәрігерге дейінгі көріп-тексеру кабинетінің мамандары емханаға келген науқастарды тексеруден өткізді.

Іс-шара барысында қонақтарға семіздікпен күресудің маңызы, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік туралы ақпарат берілді. Науқастарға жеке кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда қосымша ем шаралары тағайындалды.

Ашық есік күні халықтың денсаулыққа деген қызығушылығын арттыруға және семіздік мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталды.

15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ КҮНІНЕ ОРАЙ «САЛАУАТТЫ КҮН» АКЦИЯСЫ ӨТТ. 15 наурыз – Референдум күніне орай Қараспан елді мекеніндегі Б. Оңтаев атындағы мектепте «Салауатты күн» акциясы ұйымдастырылды.Акция барысында дауыс беруге келген тұрғындарға тәжірибелі дәрігерлер тегін медициналық кеңес берді. Атап айтқанда, хирург, эндокринолог, окулист, невропатолог, ЛОР және жалпы тәжірибелік дәрігер тұрғындардың денсаулығын тексеріп, қажетті кеңестерін ұсынды.Шараның мақсаты – тұрғындардың денсаулығына көңіл бөліп, медициналық көмекті қолжетімді ету және салауатты өмір салтын насихаттау.

https://www.facebook.com/reel/1272665321670807

Әрбір дүниеге келген сәби – елдің болашағы мен үміті. Осы мән-маңызды ұғымды дәріптеу мақсатында Наурыз мерекесіне орай ерекше шара ұйымдастырылды.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында өмірге жаңа келген сәбилердің ата-аналарына аудан әкімі Азат Оралбаев «Наурыз-кәде» тарту етті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков те қатысып, жас отбасыларға ізгі тілектерін арнады. Бұл бастама – жаңа өмірді қарсы алған жандарға деген құрметтің айғағы болды.

Сонымен қатар, әрбір баланың дүниеге келуі – бүкіл қоғам үшін маңызды әрі қуанышты оқиға екені атап өтілді.

Шара барысында ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, жүрекжарды лебіздер айтылды. Жас отбасылар өздеріне көрсетілген ықыласқа алғыс білдіріп, мұндай игі шаралардың ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.

Наурыз мейрамы аясында өткізілген осындай іс-шаралар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты нығайтып, ұрпаққа деген қамқорлықтың маңызын айқындай түседі. Әрбір сәби – елдің ертеңі, жарқын болашақтың бастауы екені тағы да дәлелденді.

ДОНОРЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері Залтай Аякөз Жұмақасымқызы және салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Жақангер Шынар Шоқанқызы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне «Донорлық трансплантация» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында:

Донорлық трансплантацияның маңызы мен адам өмірін сақтаудағы рөлі түсіндірілді

Донор болу тәртібі мен заң талаптары таныстырылды

eGov мобильді қосымшасындағы сауалнама туралы ақпарат берілді

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Донор болу – өмір сыйлаудың ең жоғарғы үлгісі.

Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады!

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне донорлық және трансплантациялау тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында донорлықтың маңыздылығы, трансплантациялаудың адам өмірін сақтаудағы рөлі және қоғамдағы өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, eGov қосымшасы арқылы тапсырылатын сауалнама бойынша толық түсіндірме беріліп, оны дұрыс толтыру жолдары көрсетілді.

Мұндай шаралар медицина қызметкерлерінің білімін арттырып қана қоймай, халық арасында донорлық мәдениетті қалыптастыруға да өз үлесін қосады.

ДОНОРЛЫҚ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері Залтай Аякөз Жұмақасымқызы және салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Жақангер Шынар Шоқанқызы Халық банк қызметкерлеріне «Донорлық трансплантация» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында:

Донорлық трансплантацияның маңызы мен адам өмірін сақтаудағы рөлі түсіндірілді;

Донор болу тәртібі, заңды талаптар мен ерікті түрде жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді;

eGov мобильді қосымшасындағы сауалнама арқылы донорлыққа тіркелу жолдары көрсетілді;

Қатысушылардың сұрақтарына нақты және толық жауап берілді, ақпараттық материалдар таратылды.

Донор болу – өмір сыйлаудың ең жоғарғы үлгісі. Бір адам бірден бірнеше өмірді сақтай алады!

https://www.facebook.com/reel/1505151347710930

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА 40 ЖЫЛ: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

2026 жылғы 26 сәуір – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толған күн.

Осы атаулы датаға орай Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері ардагерлердің денсаулығын тексеру мақсатында арнайы барып, медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда, невропатолог, ЛОР, окулист, эндокринолог, кардиолог және жалпы тәжірибелі дәрігерлер кеңес беріп қана қоймай, толық диагностикалық тексерулер жүргізді. Ардагерлерге электрокардиография жасалып, қан қысымы өлшенді.

Бұл – ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған жандарға деген құрметтің айқын көрінісі. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығына риза болған ардагерлер аурухана басшылығы мен ұжымына шынайы алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін жолдады.

Ардагерлеріміз аман болсын, денсаулықтары мықты болсын! Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА 40 ЖЫЛ: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

2026 жылғы 26 сәуір – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толған күн.

Осы атаулы датаға орай Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері ардагерлердің денсаулығын тексеру мақсатында арнайы барып, медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда, невропатолог, ЛОР, окулист, эндокринолог, кардиолог және жалпы тәжірибелі дәрігерлер кеңес беріп тексерулер жүргізді. Ардагерлерге электрокардиография жасалып, қан қысымы өлшенді.

Бұл – ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған жандарға деген құрметтің айқын көрінісі. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығына риза болған ардагерлер аурухана басшылығы мен ұжымына шынайы алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін жолдады.

Ардагерлеріміз аман болсын, денсаулықтары мықты болсын! Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ: СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері сергіту жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын насихаттады.

Таңғы жаттығулар қызметкерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жұмысқа тың серпін берді. Бұл шара денсаулықты күту әр адам үшін маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

https://www.facebook.com/reel/3874392476186511

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының мамандарына Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК мамандары әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іссапармен келді. Аталған іс-шара аясында ТО Облыстық фтизиопульмонология орталығының МИО жетекшісі Т.К.Ақбаев, ТО бойынша штаттан тыс бас фтизиопедиатры А. М. Исмагулова және дәрігер-фтизиатр Д.М.Сарыпбекова қатысып, туберкулездің алдын алу, ерте анықтау, диагностикалау және емдеу шаралары, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулездің ерекшеліктері кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, Манту және АТР сынамаларын жүргізу мен нәтижелерін бағалау, БЦЖ вакцинациясының маңыздылығы, қақырық жинау және зертханалық диагностика талаптары бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар берілді. Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Аталған оқыту жұмыстары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және туберкулездің алдын алу мен ерте анықтау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталды.

https://www.facebook.com/reel/1397369659101666

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының мамандарына Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК мамандары әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іссапармен келді.

Аталған іс-шара аясында ТО Облыстық фтизиопульмонология орталығының МИО жетекшісі Т.К.Ақбаев, ТО бойынша штаттан тыс бас фтизиопедиатры А. М. Исмагулова және дәрігер-фтизиатр Д.М.Сарыпбекова қатысып, туберкулездің алдын алу, ерте анықтау, диагностикалау және емдеу шаралары, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулездің ерекшеліктері кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Манту және АТР сынамаларын жүргізу мен нәтижелерін бағалау, БЦЖ вакцинациясының маңыздылығы, қақырық жинау және зертханалық диагностика талаптары бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар берілді.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Аталған оқыту жұмыстары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және туберкулездің алдын алу мен ерте анықтау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталды.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері А.Ж.Залтай медицина қызметкерлеріне донорлық және трансплантациялау тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында донорлықтың маңыздылығы, трансплантациялаудың адам өмірін сақтаудағы рөлі және қоғамдағы өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, eGov қосымшасы арқылы тапсырылатын сауалнама бойынша толық түсіндірме беріліп, оны дұрыс толтыру жолдары көрсетілді.

Мұндай шаралар медицина қызметкерлерінің білімін арттырып қана қоймай, халық арасында донорлық мәдениетті қалыптастыруға да өз үлесін қосады.

“ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАС" АУДАНЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШТАРЫ

Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл елді мекенінің тұрғыны 1946 жылғы Шалтаев Жүнісбай

1940 жылғы Омар Кеңес Қалкөзұлы

1946 жылғы Касымбеков Абдугаппар Семей полигоны ардагерілерінің шаңырағына Ордабасы аудандық орталық аурухана ұжымы Ұлы жеңіс мерекесіне орай арнайы барып жағдайымен танысып, мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты. Ардагерлердің денсаулығын тексеру мақсатында невропатолог, лор, окулист, эндокринолог барып, медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізілді. Электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы өлшенді. Ардагерлеріміз көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аурухана басшылығы мен ұжымына тілек алғыстарын жеткізді

“ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАС" АУДАНЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШТАРЫ

Ордабасы ауданына қарасты Бөген елді мекенінің тұрғыны 1937 жж Шазилда. Кулсара

1936 жж Қожамқұл Елубай Тыл ардагерілерінің шаңырағына Ордабасы аудандық орталық аурухана ұжымы Ұлы жеңіс мерекесіне орай арнайы барып жағдайымен танысып, мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты. Ардагерлердің денсаулығын тексеру мақсатында невропатолог, лор, окулист, эндокринолог барып, медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізілді. Электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы өлшенді. Ардагерлеріміз көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аурухана басшылығы мен ұжымына тілек алғыстарын жеткізді

“ЕРЛІГІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАС" АУДАНЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШТАРЫ

Ордабасы ауданына қарасты Жеңіс елді мекенінің тұрғыны 1945 жж Жайлмысұлы Елеу

1953 жж Юсупұлы Бақытжан Семей полигон ардагерілерінің шаңырағына Ордабасы аудандық орталық аурухана ұжымы Ұлы жеңіс мерекесіне орай арнайы барып жағдайымен танысып, мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты. Ардагерлердің денсаулығын тексеру мақсатында невропатолог, лор, окулист, эндокринолог барып, медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізілді. Электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы өлшенді. Ардагерлеріміз көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аурухана басшылығы мен ұжымына тілек алғыстарын жеткізді

МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТ

12 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін қастерлі мамандықты таңдаған, басты байлық – адам денсаулығы жолында қызмет етіп жүрген мейірбикелердің кәсіби мерекесіне арналған ауқымды іс-шара өтті.

Мерекелік концерт аудандық медицина мекемесі дайындаған «Аурухана тынысы» атты бейнероликпен ашылды. Айтулы мерекеде аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз ізгі тілегін білдіріп, аудан әкімінің, облыстық мәслихаттың және аудандық мәслихаттың алғыс хаттарын табыстады.

Келесі кезекте «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Алиасқар Бердімұратов сөз сөйлеп, партияның алғыс хаттарын табыстап, ақжарма тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының басшысы Райымбек Тасырбаев сөз алып, аудандық аурухананың іргесі қаланған күннен бастап абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер мейірбикелерді арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар, ол мейірбикелерді кәсіби мерекемен құттықтап, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің және мекеме басшылығының алғыс хаттарын табыстады.

https://www.facebook.com/reel/27891735360426159


Ұқсас материалдар