Денсаулық мектебі

Босануға дайындау (қосымша)

Прегравидарлық дайындық – бұл жүктілікке дейінгі кезеңде болашақ ата-ананың денсаулығын жақсарту және ұрықтың дұрыс дамуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін кешенді шаралар.

Бұл кезеңнің мақсаты — әйел мен ер адамның физикалық және психологиялық жағдайын оңтайландыру, болашақ ана мен баланың денсаулығын сақтау, мүмкін болатын қауіп-қатерлерді болдырмау және жүктілікті сәтті өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.

ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?

Ең алдымен псиxологиялық тұрғыдан дайын болу керек. Басқа да адамның өміріне жауапты екеніңізді түсіну керек.

Әйелдің және ердің денінің саулығына көз жеткізу. Кейде денсаулық жағдайының жай-күйі туралы түсінік болмағандықтан, әртүрлі тосынсыйлар шығып жатады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін алдын ала белгілі бір анализдер тапсырылу қажет (ЕРЛЕРГЕДЕ ӘЙЕЛДЕРГЕДЕ)

Дұрыс тамақтану – витаминдерге, ақуызға бай толыққанды тамақтану.

Әрине өзіңізге жетпей жатса, балаға не бересіз? Дені сау бала болсын десеңіз жеген тамағыңызды бақылаңыз

суши, фастфуд дегендерді тоқтатуыңыз керек

Физикалық жаттығулар – өте пайдалы, жүрек-қантамыр жүйесін, жүйке жүйесін және тыныс алу жүйесін, сонымен қатар шыдамдылықты шынықтырады , ұйқыңыз жақсарады, сонымен қатар, артық салмақтан арылтады.

Барлығыңызға қалыпты жүктілік тілеймін!

Дені сау бала тілеймін!

ӨМІРГЕ ДЕНІ САУ БОЛЫП КЕЛУ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күнінің негізгі тақырыбы «Аналар денсаулығы» бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлері «Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен гинеколог дәрігер Ш.Л. Дәуренбекова туу жасындағы әйелдерге және жүкті әйелдерге төмендегі тақырыптар бойынша лекция оқыды. Тақырыпқа сай ақпараттық үнпарақтар таратылды.

1. Жүктілікке дейін және кейінгі кезеңде аналар денсаулығын сақтау және нығайту жолдары

2. Прегравидарлық дайындықтан уақытылы өтудің маңыздылығы

3. Жүктілік кезінде бауыр ауруларының алдын алу

4. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялық аурулардың алдын алу

5. Жүкті әйелдердегі эндокриндік аурулардың алдын алу

6. Жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау және нығайту

7. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының эндокринолог дәрігері Б.Жаппаров "Жүкті әйелдердегі эндокриндік аурулардың алдын алу" бойынша түсіндіндіру жұмыстары жүргізілді

https://www.facebook.com/reel/3334910369984977

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының ЖТД Ашірбекова Жазира Тілеуқабылқызы "Прегравидарлық дайындықтан уақытылы өтудің маңыздылығы" бойынша түсіндіндіру жұмысын жүргізді

https://www.facebook.com/reel/575776821501567

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен 2025 жылғы 7 сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күнінің негізгі тақырыбы «Аналар денсаулығы» бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Өмірге дені сау болып келу-жарқын болашақтың кепілі» ұранымен ашық есік күні өткізілді. Гинеколог дәрігер Ш.Л.Дәуренбекова туу жасындағы әйелдерге және жүкті әйелдерге «Жүктілікке дейін және кейінгі кезеңде аналар денсаулығын сақтау және нығайту жолдары, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі инфекциялық аурулардың алдын алу» бойынша семинар өткізді. Әйелдер мен жасөспірімдерге ақысыз кеңес пен медициналық тексерулер ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/reel/4179500219042195

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 12-18 мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығының ашылуы болып өтті.. Осы орайда Репродуктивті денсаулық апталығына орай Отбасын жоспарлауға арналған «АШЫҚ ЕСІК» күні өткізілді.

Іс – шара барысында акушер-гинекологы Ш.Л. Дәуренбекова “Отбасын жоспарлау ” бойынша жүкті әйелдерге семинар өткізді. Жүкті әйелдерге отбасын жоспарлаудың қажеттілігі және «Емізу және контрацепция» тақырыптары туралы айтылып өтті.

Отбасын жоспарлау – әйелдер мен балалардың аурушаңдылығын төмендетуге және денсаулығын сақтауға бағытталған шара болып табылады . Жүкті әйелдер өздерін толғандыратын барлық сұрақтарға қанағаттанарлық

жауаптарын алды.

https://www.facebook.com/reel/988570343062839

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 12-18 мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығынак орай “Отбасын жоспарлау”, “Контрацепция” және “Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу” тақырыптарында туу жасындағы әйелдер мен жүкті әйелдерге хабардарлығын арттыру және ақпараттандыру мақсатында а акушер-гинекологы Ш.Л. Дәуренбекова, психолог Н.М.Өмірзақ семинар өткізді.

Репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын ілгерілету және қалыптастыру; аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы (нашақорлықтың, темекі, алкоголь және басқа да психоактивті заттарды тұтыну) профилактикасы бойынша кеңестер берді.

БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Босануға дайындық» денсаулық мектебіне жауапты акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Жүкті әйелдерге арналған тыныс алу жаттығу.» тақырыбы бойынша жүкті әйелдерге дәріс өтті.

Әйел үшін бала туу өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Босануға жан-жақты және психологиялиқ жағынан дайындалу керек. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Босану кезіндегі «дұрыс» тыныс алу ауырсыну сезімдерін жояды, босану барысын жеңілдетеді, сәбиді оттегімен дұрыс қамтамасыз етеді. Сондықтан анаға тыныс алу жаттығуларын меңгеріп алу маңызды.

БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Босануға дайындық» денсаулық мектебіне жауапты акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар» тақырыбы бойынша жүкті әйелдерге дәріс өтті.

Жүктілік кезеңінде жеңіл әрі дұрыс таңдалған жаттығулар ана мен баланың денсаулығына зор пайдасын тигізеді.

БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының «Босануға дайындық» денсаулық мектебіне жауапты акушер-гинеколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Жүкті әйелдерге арналған тыныс алу жаттығу.» тақырыбы бойынша жүкті әйелдерге дәріс өтті.

Әйел үшін бала туу өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Босануға жан-жақты және психологиялиқ жағынан дайындалу керек. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Босану кезіндегі «дұрыс» тыныс алу ауырсыну сезімдерін жояды, босану барысын жеңілдетеді, сәбиді оттегімен дұрыс қамтамасыз етеді. Сондықтан анаға тыныс алу жаттығуларын меңгеріп алу маңызды.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ: АРТ-ТЕРАПИЯ САБАҒЫ

Ордабасы ауданына қарасты Қайнар дәрігерлік амбулаториясында психолог Г.П. Аликулова пен әлеуметтік қызметкер Г.М. Айтуғанның ұйымдастыруымен «Жүкті әйелдерге психологиялық кеңес» тақырыбында арт-терапия сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жүкті әйелдердің психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, ішкі күйзелісті азайту, жағымды көңіл күй қалыптастыру және ана мен болашақ сәби арасындағы байланысты нығайту. Арт-терапия барысында қатысушылар шығармашылық тапсырмалар арқылы өз сезімдерін еркін жеткізіп, пайдалы психологиялық кеңестер алды.

Мұндай кездесулер болашақ аналардың рухани саулығын нығайтуға және жүктілік кезеңін жеңіл әрі жағымды өткізуге септігін тигізеді

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының акушер- гиниколог дәрігері Ш.Л.Дәуренбекова «Баланы дұрыс емізу ережелері», “Дұрыс тамақтану” тақырыбында жас аналарға түсіндіру дәрісін өткізді.

Ана сүті – емізулі баланың дене бітімі мен ой-санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсаулығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін теңдесі жоқ қорек болып табылады. Ана сүтін емізу баланың иммунитетін қалыптастырып және денсаулығын нығайта отырып, ана мен бала арасындағы психоэмоционалдық байланыстың туындауына ықпал етеді.

Ана сүтінің БАЛА үшін артықшылықтары:

ана сүтінің құрамында Сіздің сәбиіңіздің қалыпты өсіп-дамуына жеткілікті мөлшерде болатын барлық қажетті заттектер: нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су (80%), ферменттер болады.

ана сүтін емген балалардың денсаулығы анағұрлым мықтырақ болады. Ана сүтінде асқазан-ішек аурулары мен іш өткізуді шақыратын патогендік бактериялардың ішекте дамуына жол бермейтін заттектер болады.

ана сүті жұқпалардан қорғайды, сондай-ақ, аллергия, диабет және артық дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.

Ордабасы ауданына қарасты Қайнар ДА-да жүкті әйелдерге арналған психологиялық кеңес беру және арт-терапия сабағы өткізілді.

Сабақ барысында болашақ аналар өз сезімдерін еркін білдіріп, эмоционалдық күйін жақсартуға бағытталған пайдалы жаттығулар орындады. Арт-терапия арқылы ішкі тыныштыққа қол жеткізіп, жағымды көңіл күй қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Іс-шараны әлеуметтік қызметкерлер Айтуған Гулнар және психолог Аликулова Гульфиза Пердекуловна жүргізді. Мамандар қатысушыларға кәсіби қолдау көрсетіп, құнды кеңестерімен бөлісті.

Осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады

Ордабасы ауданына қарасты Бөржар МСАК-та жүкті әйелдерге арналған психологиялық кеңес ұйымдастырылды. Шара барысында болашақ аналарға эмоционалдық қолдау көрсетіліп, жүктілік кезеңіндегі көңіл-күй тұрақтылығын сақтау жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Сонымен қатар, қатысушылармен бірге «Мандала» әдісі өткізілді.

Мандала – шеңбердің ішінде салынған түрлі өрнектер мен пішіндерден тұратын ерекше сурет. Бұл әдіс жүкті әйелдердің ішкі сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мандала салу – ойды тынықтандырып, жан дүниені үйлестіруге, күйзелісті азайтып, жағымды эмоция қалыптастыруға көмектесетін арт-терапиялық тәсіл.

Іс-шараны психолог Аликулова Гульфиза Пердекуловна, әлеуметтік қызметкерлер Айтуған Гүлнар жүргізді.

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының акушеркасы Сайманова Азиза жүкті әйелдерге арналған маңызды семинар өткізді.

Семинар барысында болашақ аналарға жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер, олардың алдын алу жолдары және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірілді.

Кездесуде төмендегі мәселелер қамтылды:

• Іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну

• Қан кету немесе бөлінділердің өзгеруі

• Қан қысымының көтерілуі

• Қол-аяқтың шамадан тыс ісінуі

• Ұрық қимылының азаюы

• Бас ауруы, көздің қарауытуы

Маман жүктілік кезінде кез келген күмәнді белгі байқалған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге қаралу керектігін атап өтті.

Семинар ашық форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.

Ана мен бала денсаулығы – басты назарда!

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының «Жас ана денсаулық мектебіне» жауапты акушерка Сайманова Азиза жүкті әйелдерге арналған семинар сабағын өткізді.

Семинар тақырыбы: Жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер және асқынулар

Сабақ барысында болашақ аналарға жүктілік кезінде кездесетін қауіпті белгілер, асқынулардың алдын алу жолдары, дер кезінде дәрігерге жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – ана мен бала денсаулығын сақтау, жүктілікті қауіпсіз өткізу бойынша ақпараттық сауаттылықты арттыру.

https://www.facebook.com/reel/943846708290733


Ұқсас материалдар