Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Жалпы паразиттік аурулардың алдын алу шаралары және 25-сәуір Безгек ауруынан сақтану күніне орай АОА эпидемиолог дәрігері Ж.П. Ерсултанова, СЭББ-ның эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы П.Бекпейісова медицина қызметкерлеріне семинар сабақ өтті.
Педикулез – кең таралған паразиттік ауру, оның қоздырғышы қан соратын жәндіктер – биттер. Ауру тұрмыстық қатынастар арқылы, науқастың жеке заттарын қолданған кезде жұғады.
Аурудың алғашқы белгісі – қышу, бұл қан сору кезінде теріге енетін биттердің сілекейіне аллергиялық реакцияның нәтижесі.
Әрбір нақты науқаста педикулезді емдеу эпидемияға қарсы іс-шаралармен бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс (бас киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтары мен үй-жайларды дезинсекциялау және т.б.). Жәндіктерді жою паразиттерге қарсы құралдармен жүзеге асырылады. Өңдеу, тазарту науқастың басына ғана емес, оның заттарына да қажет. Барлық тірі даралар мен сіркелер киімнен, төсек-орыннан, жеке заттардан жойылу керек. Әдетте науқастың денесіндегі биттерді жою қиын емес. Денеден де, заттардан да барлық сіркелерді алып тастау әлдеқайда маңызды. Сонымен қатар, қайта жұқтыруды болдырмау үшін инфекция көзін анықтау маңызды.
Мынадай алдын алу іс-шаралары туралы еске саламыз:
– ойындар мен басқа да іс-шаралар кезінде бастардың түйісуін болдырмау;
– бас киім, шарф, пальто, тарақ, құлаққаптар және шаш аксессуарлары сияқты жеке заттарды алмасып қолданбау;
– киімді ортақ шкафтарда сақтаудан аулақ болу;
– жеке гигиенаны тұрақты және мұқият сақтау;
– тек өзіңіздің жеке заттарыңыз бен бас киімдеріңізді пайдалану;
– апта сайын төсек-орын төсеніштерін ауыстыру;
– бассейнде резеңке бас киім қолдану
Ордабасы ауданаралық ауруханасында ботулизм маусымының басталуына орай алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.
Семинарды аурухана эпидемиологтары А. Сәлімбеков, К. Бекзатова, сондай-ақ қабылдау бөлімінің мейірбикесі Б. А. Тұрсынбай жүргізді.
Жиын барысында:
ботулизмнің белгілері мен ағымы;
ерте анықтау тәсілдері;
шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмі;
тұрмыстық және тағам қауіпсіздігі ережелері;
тәуекел топтарын қорғау шаралары талқыланды.
Іс-шараға жұқпалы аурулар бөлімінің, қабылдау бөлімі қызметкерлерінің және басқа да медицина мамандарының қатысуы аурухана ішінде ақпараттық дайындықты күшейтуге мүмкіндік бер
Жастар ресурстық орталығы” КММ-де мектеп мейірбикелеріне Ордабасы СЭББ басшысы А.С. Кемелов, бас маман М. Тасболатова, Ордабасы ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А. Ержанова, сондай-ақ эпидемиолог А. Сагимбеков қатысып, өз салалық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылып, онда 2025–2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ/тұмау және COVID-19 аурушаңдығының алдын алу, қауіп факторлары, мектептердегі санитариялық талаптар және профилактикалық шаралардың тиімді жолдары талқыланды.
Қатысушылар эпидмаусымға дайындық, оқушылар арасында аурушаңдықтың таралуын төмендету, дер кезінде алдын алу жұмыстарының маңыздылығы туралы өзекті ақпарат алды.
Бұл семинар мектеп мейірбикелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және бала денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам болды.
Ботулизмнің алдын алу – басты назарда
Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының жиналыс залында аурухана басшысы Р.Б. Тасырбаевтың қатысуымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинар жұмысына:
жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А. Ержанова,
Бак зертхананың бактериолог дәрігері О. П.Калинина
Ордабасы ауданы СЭББ басшысы А.С. Кемелов,
эпидемиолог мамандар қатысты.
Іс-шара барысында «Ботулизм» тақырыбы бойынша баяндама жасалып, аурудың клиникалық белгілері, диагностикалау, алдын алу шаралары және эпидемиологиялық бақылау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қолданыстағы бұйрықтар мен нормативтік құжаттар медицина қызметкерлеріне таныстырылды.
Семинардың мақсаты – медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын күшейту
ОРДАБАСЫ КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ИММУНОЛОГИЯ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында иммунология жұмысы және қызылшаның алдын алу тақырыптарында семинар және аттестация ұйымдастырылды.
Семинарды:
иммунолог — Г. А. Юсупова,
эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы — М. Тасболатова,
иммунолог көмекшісі — Н. Абдуманапова жүргізді.
Аталған семинарға ЖТД дәрігерлері, аймақтық мейірбикелер және алдын ала егу бөлмелерінің мейірбикелері белсенді түрде қатысты.
Мұндай семинарлар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жұқпалы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында басшы орынбасары С.К.Кенжеевтің және Шымкент обаға қарсы күрес станциясының маманы, эпидемиолог мамандары, Ордабасы ауданы СЭББ маманы инфекциялық аурулардың, оның ішінде оба мен тырысқақ, конго қырым қанды қызбасының алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мамандар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіріп, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, тіркелген жағдайда шұғыл әрекет ету алгоритмдері жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Семинар барысында:
алдын алу шараларының тәртібі,
карантиндік іс-шараларды ұйымдастыру,
медицина қызметкерлерінің әрекет ету алгоритмі,
санитариялық-ағарту жұмыстарының маңызы талқыланды.
Медицина қызметкерлері өз білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік маңызы бар мәліметтер алды.
https://www.facebook.com/reel/1736409807743699
25 сәуір – Дүниежүзілік безгек күні
Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог және салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында халыққа арнайы дайындалған брошюралар таратылып, безгектің алдын алу жолдары, белгілері және одан сақтану шаралары туралы кеңінен мәлімет берілді.
Безгек – маса арқылы таралатын қауіпті жұқпалы ауру. Одан сақтану үшін:
масадан қорғану құралдарын қолдану
терезелерге тор орнату
табиғатта сақтық шараларын сақтау маңызды
Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алуға үлес қоса алады.
25 сәуір — Дүниежүзілік безгек күніне орай Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог маманы медицина қызметкерлеріне арналған маңызды семинар өткізді.
Семинар барысында безгек ауруының алдын алу, ерте анықтау, заманауи емдеу тәсілдері және эпидемиологиялық жағдайды бақылау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға аурудың таралу жолдары мен қорғану шаралары туралы толық ақпарат беріліп, тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды.
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған мұндай іс-шаралар халық денсаулығын қорғауда ерекше маңызға ие.
5 мамыр – Дүниежүзілік қол жуу күні
Қол жуу – ең қарапайым, бірақ ең тиімді қорғаныс әдісі. Күнделікті қолды сабынмен дұрыс жуу арқылы біз көптеген жұқпалы аурулардың алдын аламыз.
Таза қол – өзіңнің ғана емес, жақындарыңның да денсаулығын қорғау деген сөз.
Қашан қол жуу керек?
1) тамақ өнімдерімен жұмыс жасаудың, тамақ дайындаудың және үлестірудің алдында;
2) тамақ ішу алдында;
3) дәретханаға барғаннан кейін;
4) пациентпен тікелей байланыс болмаған кезде пациентке күтім жасағанға дейін және одан кейін (төсек-орын жабдықтарын ауыстыру, үй-жайды жинау);
5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, науқастың зақымдалмаған терісін ұстағаннан кейін (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу);
6) жұмысқа тұру/жұмыстан кету кезінде;
7) қол қатты ластанған барлық жағдайларда жүргізіледі.Қолды антисептик қолданып өңдеу
8. Антисептиктерді қолданып өңдеу мынадай жағдайларда:
1) пациентпен байланыс алдында;
2) тазалау/асептикалық ем-шара алдында;
3) биологиялық сұйықтықтармен байланыс тәуекелімен байланысты жағдайдан кейін;
4) пациентпен байланыстан кейін;
5) пациенттің айналасындағы сыртқы орта объектілерімен.
https://www.facebook.com/reel/2891567997842029
5 мамыр – Дүниежүзілік қол жуу күні
Қол жуу – адамның денсаулығын қорғаудағы ең қарапайым әрі ең тиімді әдеттердің бірі. Осы маңызды дағдыны насихаттау мақсатында жыл сайын 5 мамыр күні Дүниежүзілік қол жуу күні атап өтіледі.
Қолдың таза болуы көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Күнделікті өмірде біз қолымыз арқылы түрлі заттарды ұстаймыз, сондықтан бактериялар мен вирустардың таралу қаупі жоғары болады. Егер қол дұрыс жуылмаса, тұмау, ішек инфекциялары, вирустық аурулар тез жұғады.
Сабынмен қол жуу – микробтарды жоюдың ең тиімді жолы. Тек сумен шаю жеткіліксіз, себебі майлы кір мен микробтар толық кетпейді. Дәрігерлер қолды кемінде 20 секунд бойы, саусақ араларын, тырнақ астын мұқият жуу керектігін айтады.
Қол жуу әсіресе балалар үшін өте маңызды. Балабақша мен мектепте бұл дағдыны үйрету – олардың болашақ денсаулығының кепілі. Сонымен қатар, дұрыс қол жуу тек аурудың алдын алып қана қоймай, қоғамдағы эпидемиялардың таралуын да азайтады.
Қорытындылай келе, қол жуу – қарапайым әрекет болғанымен, ол адам өмірін сақтайтын маңызды қорғаныс құралы. Сондықтан әр адам күнделікті өмірде қол гигиенасына ерекше мән беруі керек.
https://www.facebook.com/reel/948508567979445


