Денсаулық мектебі

Стоматологиялық кеңестер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2025жылғы 13қаңтардағы №52 және Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №14 бірлескен бұйрығының 3.6-тармағында көрсетілген 20-наурыз «Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне» орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасының стоматолог дәрігері Айтуарова Сапаркүл Абжалалқызы, дантистер Казенов Талғат Болатбекұлы және Данебек Шадияр Пернебекұлы «Аққу балабақшасының» мектеп алды даярлық тобының оқушыларына «Болашаққа сау тіспен» тақырыбында стоматологиялық аурулардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға төмендегі ережелер үйретілді.

1. Тісті күніне 2 рет тазалау.

2. Тамақтан соң ауызды шаю.

3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.

4. Қатты заттарды тіспен шақпау.

5. Тәттіні көп жемеу.

6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.

7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану керек

Видео https://www.facebook.com/reel/1545010796166968

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2025жылғы 13қаңтардағы №52 және Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №14 бірлескен бұйрығының 3.6-тармағында көрсетілген 20-наурыз «Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне» орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасының стоматолог дәрігері Айтуарова Сапаркүл Абжалалқызы аймақтық дантистерге «Болашаққа сау тіспен» тақырыбында балалар мен жасөсперімдердің арасында стоматологиялық аурулардың алдын алу мақсатында семинар өткізді.


Ұқсас материалдар