Аурухана туралы

Аурухана тарихы

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының тарихы 1903 жылдан басталады. Бастапқыда патша өкіметінің ықпалымен 5 төсек орындық аурухана болып ашылған.

Басшылар мен маңызды кезеңдер

  • 1903Аурухананың негізі қаланды — 5 төсек орын.
  • 1941Арыс ауданына қарасты 35 төсектік учаскелік аурухана. Меңгеруші — фельдшер Исмайл Мұсұлманқұлов.
  • 1947–1949Бас дәрігер — Ұлы Отан соғысы ардагері Ахмет Бектаев.
  • 1950–1958Бас дәрігер — Виктор Житников.
  • 1958–1966Аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері — Мырзақали Досов. Аудан құрылғанда 34 емдеу мекемесі болды (5 аурухана, 385 төсек, 28 ФАП).
  • 1966–1971Бас дәрігер — Тұрсын Оразалиев. Емдеу мекемелері саны 52-ге жетті (585 төсек).
  • 1969Хирургия бөлімі ашылып, алғаш рет наркозбен ота жасалды.
  • 1970Рентген кабинеті ұйымдастырылды.
  • 1970–1989Бас дәрігер — Ерубай Әжиев. Емдеу мекемелері 64-ке жетті (830 төсек).
  • 1989–1993Бас дәрігерлер — Мырзалы Халбаев, кейін Жақып Қалыбеков.
  • 1993–2002Бас дәрігерлер — Оразымбет Есқараев, кейін Болат Сағымбеков.
  • 2009Медицина бірлестігі аурухана мен емханаға бөлінді.
  • 2015–2018Бас дәрігер — Сейфулла Мусаев.
  • 2018Бас дәрігер болып Бахытжан Мырзагелдиев тағайындалды. Модульді конструкциямен 8 жаңа ФАП/медпункт салынды.
  • 2019Бас дәрігер Б. Мырзагелдиев ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Төс белгісімен» марапатталды.

Тәуелсіздік жылдарында ашылған мекемелер

2000 жылдан бері ауданда ондаған жаңа медициналық мекеме — фельдшерлік-акушерлік пункттер, медпункттер және дәрігерлік амбулаториялар ашылды: Төреарық, Боралдай, Жайылма, Семхоз, Жамбыл, Шұбарсу, Атамекен, Нұра, Арыстанды, Бадам, Мақташы, Бөржар, Тоқсансай, Көктөбе, Қажымұқан, Ордабасы, Қарабастау, Берген, Ынталы, Амангелді, Шұбар, Сарыарық және басқалары.

Бүгінгі күн

2024 жылы ангиография аппараты іске қосылып, ми және мойын тамырларына эндоваскулярлық оталар тұрақты орындалуда. 2025 жылы коронароангиография, стенттеу, ангиопластика және тромболизистік терапия жүргізілді. Терапиялық стационарда тері арқылы коронарлық араласу (ЧКВ) бөлімі жұмыс істейді.

Оңалту бөлімінде заманауи жабдықтар (механотерапия, көпфункционалды тренажерлер, вертикализатор) және емдік дене шынықтыру, кинезотерапия, эрготерапия, кәсіби массаж, логопед қызметтері арқылы кешенді оңалту көрсетіледі.

Ана мен бала денсаулығын қорғауға баса назар аударылады: перзентхана бөлімі заманауи құрал-жабдықтармен 98% қамтылған, жылына орта есеппен 3200-ден аса нәресте дүниеге келеді.

Аурухана бүгінде

  • 9 бөлімше: қабылдау, терапия, перзентхана, хирургия, неврология, жұқпалы аурулар, оңалту, паллиатив және балалар бөлімдері.
  • 285 стационарлық төсек орны және 100 орындық «Күндізгі стационар».
  • Аудандық емхана — 1, БМСК орталығы — 5, дәрігерлік амбулатория — 6, ФАП — 25, медициналық бекет — 14.
  • Емхана бөлігі 82 000 тіркелген тұрғынға, аурухана бөлігі Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарын қоса алғанда ~260 000 адамға қызмет етеді.
  • Ұлттық аккредиттеу қорытындысы бойынша БІРІНШІ санат. 2022 жылы ұлттық жоба аясында күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылды.
  • 2026 жылдан бастап «көпбейінді» мәртебесіне ие болды.